Грузия Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 255 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 8 маусымнан бастап Грузия аумағында бір жыл визасыз болу құқығына ие болды.
Черногория Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірде күшіне енген шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары 2015 жылдың 15 сәуір-31 қазан аралығында Черногория аумағына 30 тәулікке дейін визасыз кіріп-шыға алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.