2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Шымкентте үй бағасы айтарлықтай арзандаған, деп хабарлайды Baq.kz.
Жарты жыл ішінде Шымкенттегі тұрғын үйлердің шаршы метрінің бағасы шамамен 9 %-ға төмендеген.
Жарты жылдың нәтижесі бойынша 1 шаршы метрдің бағасы 19 мың теңгеге арзандапты.
Сонда алып қарасақ, мысалы бір бөлмелі 40 шаршы метр болатын пәтерді орташа шамамен 760 мың теңгеге арзанға алуға болады.
krisha.kz-ның статистикасы көрсеткендей, Шымкентте 1 бөлмелі пәтерлер аса сұранысқа ие емес екен. Жыл басынан бері Шымкентте 2 және 3 бөлмелі пәтерлер өтімді болып тұрған көрінеді.