Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен өткізу бекеті ашылды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен өткізу бекеті ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды.  Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев қатысты.

    Өңір басшысы қос мемлекет жұртшылығын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, Өзбекстан мен Қазақстан Республикалары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи қатынастарды жандандырып, туысқан екі ел арасында мәңгілік алтын көпір болатынына сенім білдірді.

    «2006 жылы жабылған осы жолдың қайта ашылуына екі ел Президенттерінің келісімі нәтижесінде қол жеткізілді.  Жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзеевтің жаңа бастамалармен тығыз байланысты күшейтуі аймақтардың дамуына зор серпіліс әкелді. Екі ел жетекшілерінің Астана қаласы мен Сарыағаштағы кездесулері, елордадағы Өзбекстан бизнес-форумы, мамыр айында Шымкент қаласында өткен Ташкент қаласы тауар өндірушілерінін жәрмеңкесі соның нақты айғағы»,- деді Ж. Түймебаев.

    Мақтааралдықтардың Ташкентке қатынас жолы — халықаралық М-39 автомобиль жолы Қазақстан Республикасының Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы Өзбекстанға өтеді. Жолдың Мақтаарал ауданы арқылы өтетін ұзындығы 24,1 шақырымды құрайды. Аталған жол ашылып, пайдалануға берілгенде 350 мың халқы бар Мақтаарал ауданы тұрғындарының қатынас жолы 80 шақырымға қысқарып, жол жүру уақытын үнемдейді. Сондай-ақ, Өзбекстан тұрғындары үшін Ташкент қаласынан Жизақ арқылы Самарқандқа өту үшін төтесінен жүруге мүмкіндік беріп, жол 55 шақырымға қысқарды.  Ал Сырдарья» шекара бекеті тәулігіне 5 мың адам мен 200 автокөлік  өткізуге мүмкіндігі бар.

    Қазақстан экспортының Өзбекстандағы негізгі бағыттары мұнай және мұнай өнімдері, ұн-жарма өнеркәсібі өнімдері, дәнді-дақылдар, қара және түсті металлдар, цемент, трансформаторлар, биорганикалық химия өнімдері, азық-түлік тауарлары болып табылады. Өз кезегінде Өзбекстаннан Қазақстанға бау-бақша өнімдері, мақта талшықтары, текстиль және дайын тігін өнімдері,тыңайтқыштар, механикалық құрылғылар, пластмасса, ағаш, гипс және матадан дайындалған бұйымдар импортталады.

    Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы халық ең тығыз қоныстанған аймақ атануымен ерекшеленеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен арадағы сыртқы сауда айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларын құраған болса, оның 30% (532,4 млн.АҚШ доллар) астамы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі  

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.