Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЭКСПО: Шетелдіктерді күтіп алып, шығарып салуда ТЖ болған жоқ
    Жаңалықтар

    ЭКСПО: Шетелдіктерді күтіп алып, шығарып салуда ТЖ болған жоқ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында күшейтілген режімде жұмыс істеуде. ҚазАқпарат агенттігіне мәлім етілгендей, бүгінде департаменттің қадағалау аумағында, яғни «Астана-1» және «Нұрлы жол» теміржол вокзалдары мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» ахуал тұрақты.

    Қоғамдық тәртіпті сақтау, әуе және теміржол көліктерімен қатынайтын жолаушылардың, соның ішінде шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге департаменттің жүзден аса қызметкері күнделікті жұмылдырылады.

    «Есепті мерзім ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде шетелдік қонақтар мен делегацияларды күтіп алу мен шығарып салу кезінде төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ», — делінген таратылған хабарламада.

    Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша ағымдағы жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлерімен 29772 құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, ұсақ құқық бұзушылық үшін — 849, қоғамдық орындарды ластағаны үшін — 495, алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін — 3516, белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін — 2238, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін — 2058, қоғамдық орындарда адамның мазасын алғаны үшін — 326, оның ішінде таксистер — 153 және т.б.

    Т. Өтетілеуовтің атап өтуінше, «ЕХРО-2017» көрмесіне дейін Астана қаласының теміржол вокзалдарындағы жолаушылар ағыны 11-12 мың адамды құраса, бүгінде олардың саны 19 мыңға жетті.

    Басшылық құрамдағы жауапты лауазымды тұлғалар кезекшілікке бекітілген. Қылмыстарды анықтау, орын алған оқиғалардың «ізін суытпай ашу» бойынша қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Бұдан бөлек, республикалық және халықаралық бағыттағы барлық пойыздарға департаменттің қызметкерлері ілесіп жүреді.

    «Сондай-ақ, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен перрондар, вокзалдар мен әуежайлардағы жүк бөлімшелерін, жүк сақтау қоймалары мен күту залдарын ұдайы тексеруден өткізуде», — деді полиция полковнигі.

    ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің жеке құрамы 10 қыркүйекке дейін күшейтілген режімде жұмыс істейді.
    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.