Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды
    Жаңалықтар

    Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.07.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті мен оның аумақтық құрылымдарының лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алып, фармацевтикалық компаниялардың мүддесін қорғағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

    Ұлттық бюроның хабарлауынша, 3 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю., Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы Қажинова З.Ш., Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы Имамходжаев П.Т., Фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды. Олар жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған.

    Бұл адамдар өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып отырған. Одан бөлек, «Зерде» ҒӨБ» ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. пара бергені үшін ұсталды.

    «Сонымен бірге аталған лауазымды тұлғалар пара алумен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын медициналық препараттардың құнын көтеру арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр», — деп хабарлады Ұлттық бюро.

    Сот санкциясымен Пак, Қажинова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

    Дереккөз: 7kun.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.