Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақ журналистикасы тағы бір тарланынан айырылды
    Жаңалықтар

    Қазақ журналистикасы тағы бір тарланынан айырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.12.2015274 Views

    Ызғарлы желтоқсанның 9-нда қазақ журналистикасы тағы бір тарланынан айырылды. Сәрсенбіде Түркістанның тумасы, талантты журналист Нұрмахан Оразбек өмірден озды.  Нұрмахан Оразбек  1937 жылы 1 желтоқсан күні Түркістан ауданы, Қандөз ауылында туылған. Журналист, жазушы, баспагер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Шорнақ ауылындағы орта мектепті бітірген соң 1955 – 57 ж.  Алматы облысындағы «Іле» кеңшарында, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін бітірген. 1962 – 73 ж. Қарағанды облысының Жезді аудандық  «Октябрь туы», Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аудандық «Коммунистік еңбек» газеттерінде, «Лениншіл жаста»  Қазақстан Жастар Одағының Орталық Комитетінде, «Социалистік Қазақстан » газетінде, Партия тарихы институтында әртүрлі қызметтер атқарды. 1974 жылы Қазақ ақпарат агенттігіне бас редактор, 1982 жылы директордың орынбасары болып тағайындалды. 1988 – 91 жылдары  Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, ағылшын тілінде шыққан республикалық «Қазақстан» газетінің бас редакторы болды, 1995 жылдан «Қазақстан» баспасының директоры, сонымен бір мезгілде 2000 – 2002 ж. республикалық «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, үш медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    «Қарсыбай Сыпатаев», «Құрбанбай Ырысбеков», «Капитал қамалындағы 18 күн», «Қасиеттісің, сен Отан!», «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты кітаптары жарық көрген. Атақты Оксфорд Университетінің «Саясаттану», «Әлеуметтану» түсіндірме сөздіктерін түпнұсқадан аударған. Жерлесіміздің мезгілсіз қазасына қайғыра отырып, отбасына, туған — туыстарына көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.