Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Астана күні мерекесімен құттықтады
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Астана күні мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.07.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

    «6 шілде – бүкіл қазақстандықтардың мерейлі мерекесі. Себебі, Астана – әрбір қазақстандықтың көз қуанышы, көңілдегі зор мақтанышы. Тарихи тұрғыдан алғанда қас-қағым сәт болып саналатын қысқа мерзім ішінде Қазақ елінің Бас қаласы – Астана өз атын тәуелсіздік шежіресіне алтын әріптермен жазды»,-деді әкім өз құттықтауында.

    Елбасы: «Аз жылдың аясында Астанадай ғажайып қала сала алған, сөйтіп елдіктің ерлігін танытқан қазақстандықтардың қолынан бәрі де келеді. Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін сақтай білсек әлі алдымыздағы талай биіктерге көтеріле аламыз» – деген еді. Бүгінде осы ойдың өміршеңдігіне көз жеткізіп келеміз,-деді аймақ басшысы. 

    «Барша қазақстандықтардың арқа сүйер қорғанына, ұлттық идеяның ұйытқысына айналып отыр. Астанамыздың арқасында еліміз дүниежүзіне танылып, қарқынды даму жолына түсті. Қарыштап өркендеген берекелі бейбітшіліктің символы саналған  Астанамызда халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар мен ел болашағына бағытталған келелі кеңестер өтіп, маңызды шешімдер қабылдануда. Ал, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бүгінгі Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуға септігін тигізуде»,- деп атап өтті Ж.Түймебаев.

    Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астананың мерекесімен құттықтаған әкім, барша жерлестеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке тiледі!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.