Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» барлық комиссияны алып тастады
    Жаңалықтар

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» барлық комиссияны алып тастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.07.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» клиенттері үшін барлық комиссияны жойды.

    Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған банк басқармасы төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» мен «Қазпошта» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ендігі уақытта «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»  салымшылары «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесінен банктің өнімдері бойынша кеңестер алып, кредиттерін жауып, депозиттерін толықтыра алады. Бұған дейін несиені жапқаны немесе депозитін толықтырғаны үшін 1 процент мөлшерінде комиссия бекітілген еді. Бүгінгі күні бұл шара «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшылары үшін тегін», — деді ол.

    Оның айтуынша, банк «Қазпоштаның» тарамдалған бөлімшелерінің арқасында Қазақстанның барлық тұрғындарына сапалы қызмет көрсететін болады. Банк шамамен 950 мың салымшыға қызмет көрсетеді. Олардың депозит қоржыны 460 млрд. теңгені құрайды.

    «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен» депозит ашу үшін салымшы өз шотына 15 мың теңге салуы тиіс. Бұл комиссия емес, ақша толығымен салымшының шотына түседі. Қазіргі уақытта шамамен 200 мың салымшыға интернет-банкинг және мобильді банкинг қызметі арқылы қызмет көрсетілуде. Оның 47 мыңы мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алды. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басқа да серіктестерімен уағдаластығы бар. Банк клиенттері «Халық банкі», «Каспий банкі», «Еуразиялық банк», «Қазкоммерцбанк» филиалдарында депозиттерін толықтырып, несиелерін жаба алады. Бұл ретте «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» клинеттері үшін барлық комиссиялық алымдар жойылған. Өйткені барлық шығысты банк өз мойнына алады», — деді Жұбаниязова.

    Айта кетейік, бұл банк бүгін несие шарттарын жеңілдекенін хабарлаған еді.

    Дереккөз: naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.