Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шардарада жыл басынан бері 1300 тонна балық өнімі өндірілді
    Жаңалықтар

    Шардарада жыл басынан бері 1300 тонна балық өнімі өндірілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екені белгілі. Бүгінде ауданда жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар. Бұл кәсіпорындар  жыл басынан бері 1,3 млрд. теңге болатын 1300 тонна балық өңдеп, оның 80 пайызын Ресей, Германия, Израиль, Грузия және Өзбекстан сынды елдерге экспортталса, 20 пайызын ішкі нарыққа саудалауда — деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болды.

    Балық өңдеу зауытының процесімен танысқан аймақ басшысы бұл шаруашылықта коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынын жеткізді.

    Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне жете қаныққан  облыс әкімі аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болды. Су қоймада өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек.

    Жалпы ауданда балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.