Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктен Солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктен Солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.07.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында  халықты  жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру  жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы тиісті деңгейде емес. Бүгін бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен  өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті – деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    «Елбасы қойған міндеттердің бірі ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру өте маңызды қадам. Жұмыссыздық, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша қиындықтар болуы мүмкін, сондықтан қоныс аударам деушілерге көмек көрсетуіміз керек»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Жиында халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстары жөнінде баяндаған  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Мұхит Отаршиев 2014-2016 жылдары «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыстан барлығы 154 отбасы қоныс аударып, көшу шығындары өтелгендігін жеткізді.

    Оның айтуынша, басқарма тарапынан қоныс аударған азаматтарға сол өңірдегі уәкілетті органдар арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда көшіп барғандардың  48-і ауыл шаруашылығымен айналысса, 42 азамат білім саласында, 11 адам жергілікті атқару органдарында, 12 адам қызмет көрсету, 7 адам  денсаулық сақтау саласында еңбекпен қамтылған.

    Ал, өңіраралық еңбек нарығын дамытудың шараларына  5780 азамат қатысып, олардың 2019-ы солтүстікке қоныс аударуға ниетті екендіктерін жеткізген.  Осы азаматтардың 1008 еңбекке қабілетті болса, олардың 116 адамы ауыл шаруашылығымен, 98 адам кәсіпкерлікті дамытумен, 794 адам мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеуге ниетті.

    Сондай-ақ мәжілісте сөз алған облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде  яғни 79 мың теңге өтемақы төленеді. Бұдан бөлек бір жылға дейін пәтер жалдауға жұмсалатын шығын да мемлекет есебінен. Әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон квотасына да қаржы қарастырылған.

    «Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Дегенмен ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, қаржылай көмек береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз»,-деді Жаңабай Молдабайұлы.

    Мәселені қорытындылай келе өңір басшысы  халқы тығыз орналасқан Мақтаарал ауданында бұл жұмыстардың сылбыр жүргізіліп жатқандығын сынға алды.

    Айта кетейік, Мақтарал ауданы халқы өте тығыз аудандардың біріне жатады. Бүгінгі таңда  ауданда аталған  мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жеткіліксіз. Соңғы екі жылда бар-жоғы ауданнан 12 отбасы ғана еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударған.

    Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниеті бар облыс тұрғындарының ерікті қоныс аударуына ықпал жасау үшін облыс кәсіпкерлерін қатыстыра отырып сол өңірлерге іс-сапар ұйымдастыруды жүктеген облыс басшысы аудан, қала әкімдеріне, салалық басқармаларға бірқатар тапсырмалар берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.