Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте омарташылар кооперативі құрылады
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте омарташылар кооперативі құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында омарташылар кооперативі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ оңтүстік омарташыларының бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапарында мәлім етті -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Қазығұрт ауданының табиғаты омарташылар үшін өте қолайлы. Таулы  өңірде бүгінде бал арасын ұстайтын жеке кәсіпкерлердің саны 20-ға жуықтайды. Олардың арасында Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданынан келіп, қолайлы жер таңдап, бал өндіріп отырғандар да аз емес. Солардың бірі сарығаштық Сергей Маринков 10 жылдан бері омарташылықпен айналысып келеді. Ол бүгінде Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов  ауыл окурігі маңындағы жол бойында бал арасын ұстап, табиғи таза өнім өндіріп отыр. Облыс әкімі аудандағы сапары барысында Сергейдің омартасына арнайы тоқтап, жұмысымен танысты.

    «Омарташы болу – жақсы кәсіп. Табиғаттың керемет жерінде бал арасын өсіріп, таза табиғи өнім алып отырған осындай омарташыларға қолдау білдіріп, басын қосып,  кооператив құру қажет. Сонда ғана жұмыс жүйеленіп, омарташылық кәсіпті дамытуға жол ашылады. Сондықтан алдағы уақытта оңтүстіктегі омарташылардың басын қосып, алдағы жоспарларын талқылайтын боламыз», — деді Жансейіт Қансейтұлы.

    Сергей Маринков облыс әкімінің бұл ұсынысын қолдайтынын жеткізіп, бал өндіру ісіндегі жылдық табысының құпиясымен бөлісті.

    «Омарташылықпен інім, әкем үшеуміз айналысамыз. Сарыағаш ауданынан арнайы келіп, осында орналастық. Бүгінде тұрақты алымсақтар үшін балымыздың бір келісін 1500 теңгеден босатып жатырмыз. Жалпы бір маусымда 3,5 тоннадай бал өндіреміз», — дейді Сергей Маринков.

    Өңір басшысы алдағы уақытта қазығұрттық балды брендке айналдырудың жолын қарастыру қажеттігіне тоқталды. Өңірімізге келетін туристерге балды қолжетімді ету үшін облыс орталығындағы қонақ үйлерге бал өнімдерін пакеттеп ұсыну көзделіп отыр.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.