Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Полицейлердің жалақысы 25 пайызға өседі
    Жаңалықтар

    Полицейлердің жалақысы 25 пайызға өседі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2017 жылдың 1 шілдесінен бастап полицейлердің жалақысы 25%-ға өседі. Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай полиция қызметкерлерімен өткен кездесуде жеткізді, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    «Қылмыспен күресте полицейлер алдыңғы қатарда жүреді және бірінші болып біздің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Соңғы жылдары олардың қызметінің нәтижелері айқын көрінуде. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 15 пайыздан астам төмендеген. Аса ауыр және ауыр қылмыстардың бетін ашу көрсеткіші 72 пайызға жетті. Қалалар мен ауылдарда азаматтардың көшедегі қауіпсіздігі айтарлықтай көтерілді», — деді кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық тұрақсыздық уақытында халықтың билік өкілдері – полицейлерге сенім білдіруі аса маңызды екенін атап өтті.

    «Сіздер қызметтік парызды мүлтіксіз атқарғанда ғана қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы жүзеге асады. Сондықтан біз қазір қабылданған бағдарламалардың аясында құрылымдарды қайта құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Заңдылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатаң бақылауға алу қажет. Бұл – еліміздің орнықты әрі тұрақты дамуының басты факторының бірі. Сондай-ақ, заманауи тұрғыда тиімді полиция қызметі мемлекет пен халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тиігізеді», – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Одан бөлек, Мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. «Жұрт сіздерге қарап, мемлекеттік билік туралы пікір қалыптастырады. Сол себепті, полиция қызметкері баршаға үлгі болуға тиіс. Қазақстан полицейлері алдағы уақытта да бар күшін, тәжірибесі мен қуатын абыройлы парызды сәтті орындауға жұмсайтынына сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті.

    Дереккөз: 7kun.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.