Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ескі көліктерін тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріле бастайды
    Жаңалықтар

    Ескі көліктерін тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріле бастайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    26 маусымнан бастап тозығы жеткен көліктерді тапсырғандарға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беру бағдарламасы іске қосылады. ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасымен жасалған бағдарламаны «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен, отандық автоөндірушілермен бірге әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Жаңа бағдарлама талабы бойынша, жою үшін М1 санатындағы ескі жеңіл автокөліктен бастап, жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, моделіне қатысты ешқандай шектеу жоқ. Жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап — М2, М3, N2, N3 санатындағы көлік құралдары техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдықтар өз орнында болу тиіс.

    Бағдарлама талабына сәйкес, ескі техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Бұл сертификат Қазақстанда өндірілген көлікті сатып алғанда жеңілдік ретінде пайдаланылады.

    Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады. Сертификат кез келген санаттағы отандық автокөлікті сатып алуға мүмкіндік береді. Онымен қоса, бір автокөлікті сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар.

    Сертификатты қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстыруға болмайды. Ол тіркелген күннен бастап 12 ай ішінде жарамды.

    Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы негізінде қандай автокөліктерді жеңілдікпен алуға болатындығын келесі сайттар мен телефон нөмірлері арқылы білуге болады:

    «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz немесе: 8 778 746 0698 телефоны бойыншы

    AllurAuto дилерлік орталығы сайтынан: www.allurauto.kz, www.jac-motors.kz

    «Astana Motors», «Вираж», «УЗАВТО АЗИЯ» дилерлік орталықтарынан: www.ssangyong.kz, www.peugeot.kz, www.iveco.com/kazakhstan, сондай-ақ 8 800 070 55 88 и 8 701 737 12 71.

    Бағдарлама жөнінде толық ақпарат auto.recycle.kz ресми сайтында

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.