Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Астанада Еуразиялық Медиа Форум өз жұмысын бастады
    Жаңалықтар

    Астанада Еуразиялық Медиа Форум өз жұмысын бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2017Updated:24.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ғаламдық мәселелер талқыланып, жаһандық түйткілдер сөз болған  он төртінші  Еуразиялық Медиа форум басталды. Алпыс елден алты жүзге жуық  делегаттарды қамтуға мүмкіндігі бар  форумның алғашқы күнінде  әлемдік  сарапшылардың шеберлік сыныптары  өтті. Ал,  негізгі ашылу сәтінде жаһандық медиакеңістіктің көрнекті қайраткерлері мен пікір көшбасшылары өз көзқарастары  мен ойларын ортаға салды.

    20170623_153645Еуразиялық Медиа Форум көптен күткен Экспо-2017 көрмесіне орай осы сәтке  өзгертілген. Өйткені  қатысушаларға әлемдік мәселені талқылау барысында болашақтың энергиясы саласындағы әлемдегі қызықты жетістіктермен танысуға мүмкіндік сыйлауды мақсат тұтты.  Ұлттық экономиканың барлық саласының дамуының катализаторы болады деп үміт күткен форумда  алғашқы болып,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау хатын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

    Ең алғашқы рет бұл форум 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен батыс пен шығысқа қатысты мәселелерді талқылайтын коммерциялық емес және саясаттан тыс ұйым ретінде құрылған болатын. Ғаламдық проблемаларды талқылап, олардан шығу жолдарында түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтуда ең белгілі форум бүгінде Еуразия халықтарының бірлігі мен ынтамқтастығының бастамашысына айналып отыр. Ашық пікірталас алаңының бастаушысы әрі жоба авторы Дариға Нұрсұлтанқызы ана тілімізден кіріспе сөзін бастап, делегаттар мен маңызды да ауқымды  пікірімен бөлісуге келген спикерлер мен қатысушыларға алғысын білдірді.
     img-20170623-wa0005Жаңа әлемдік тәртіп орнатуда қабырға тұрғызып немесе көпір салудың жолдары бар ма? Яғни, ескі көзқарастан жаһандық жүйеге жасалған  бетбұрыстағы әркеттер мен бастамалар қандай болады? Жаңа көшбасшылардың келуі арқылы ғаламдық интеграцияға жол бастау дамыған елдермен бірге дамушы елдерді әуре сарсаңға салуы бек мүмкін. Бұл жолда мемлекеттер қандай әрекет жасайды. Міне алғашқы отырыста осындай ғаламдық мәселелер сөз болды.

    img-20170623-wa0004«Болашақтың энергиясы» жасыл экономиканың қуаты тақырыбы да күннің мәселесіне айналды. Әр күн тың идея жаңа жаңалықпен келетін заманда әр мемлекет технология мен өндірістің жолында көп жұмыс жасауда. Сондықтан, экономикалық модельді қайта құру, қалыптасқан нарық тетіктерін реформалау баламалы қуат көздеріне деген көзқарасты өзгерту осы жолдағы  басты бағыттардың бірі ғана.

    Дағдарыс кезіндегі тұрақтылық және әлемдік нарықта көшбасшылыққа жету жайы да сөз болды. Сонымен қатар,  ақпарат кеңістігіндегі бұрмаланған бос деректерге жол бермеу және ақпараттық шабуылға  қалай ұшырамауға болады? Осы секілді түйткілдер де форум алаңында ашық пкірталасқа түсті. Жалпы  форумға өз саласын зерттеп зерделеген мамандар қатысады. Сондықтан, бұл шара отандық журналистерге мамандануға зор мүмкіндік береді.

    Еңлік Заманхан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.