Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі
    Жаңалықтар

    ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстікте  биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтілуде. Осы  мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Қызылжар газ тарату стансасының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
    «Соңғы жылдары облыста 7 автоматты газ тарату станцияларының құрылысы  жүргізілді. Құрылыстың жалпы құны — 22,2 млрд. теңге. Оның үшеуі жуырда пайдалануға беріледі. Олар Кентау, Ордабасы, Арыс аудандарындағы газ тарату бекеттері.  Ауылдардағы ішкі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң іске қосылуға дайын тұрған станция Ордабасы, Отырар аудандарын толығымен газбен қамтамасыз етуге жұмыс жасайтын болады. Осы бекеттерді іске қоссақ, облыстағы солтүстік аудандарды газбен қамту мүмкіндігі ашылады»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Айта кетейік, былтыр облыста 25 елді мекенді газға қосу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа 13,7 млрд.тенге бағытталған болатын.  Биыл 70 елді мекенге  газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыста 844  елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға  қол жеткізіп отыр.
    Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді.  Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383  елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.  2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың  тұрғынға жеткізу межеленуде.
    Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы облысымызда  Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асқан «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан  7 автоматтандырылған газ реттеуші станцияларының құрылыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда 4-і (Түркістан қ., Иқан е.м., Сайрам ауд., Бәйдібек ауд.,) пайдалануға берілсе, қалған 3-ін (Кентау қ., Отырар ауд., Ордабасы ауд.,) ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.