Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қаржы пирамидасы қалай алдайды?
    Жаңалықтар

    Қаржы пирамидасы қалай алдайды?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Осыдан бірнеше жыл бұрын Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған алаяқтардың жұмысы әшкере болып, ұйымдастырушылар қамауға алынғаны белгілі. Бар тапқан-таянғанынан айырылып, сан соғып қалғандар сол тұста аз болмаған еді. Десе де, оңай жолмен олжа тапқысы келетіндер қатары әлі де азаймай отыр. Елді дүрліктірген «Questra Holdings Inc.»-тің қызметіне өңір тұрғындарын тарту фактілері тіркелмегенімен, құзырлы органдар азаматтарға барынша сақ болуды ескертіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің тілшісі.

    Бүгінде көрініс беріп отырған қаржы пирамидаларының бұрынғылардан ерекшелігі, негізінен интернет арқылы шақырып, ұйымдастырушылар тасада қалуда.

    «Өткен ғасырдың соңындағы Мавроди секілді алаяқтардан бір айырмашылығы, қазіргі кезде қаржылық пирамидалар компания ретінде ресми тіркеліп, өздерін салмақты ұйым, өз жобасы бар инвестор ретінде көрсеткісі келеді. Бұл қылмыстық ұйымдар ақыр соңында ешкімге ақшасын қайтармайтынын көпшілік жақсы біледі. Бірақ барлығы «пирамиданың» ұшар басынан, алғашқылар қатарынан табылып, шамалы да болса «жеңіл» пайда тауып қалуға жанталасады»,–дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің алдын алу және бақылау жұмыстары жөніндегі басқармасының басшысы Қоныс Жұмағұлов.

    Қаржы пирамидаларының қауіптілігі сол, ерте ме кеш пе қаржы пирамидалары міндетті түрде банкротқа ұшырайды.

    «Бұл жаңа клиенттердің ақшаларының бұрынғыларға пайыз төлеуге жетпеген уақытта болады. Мұндай компаниялардың жұмысын тоқтатуы күтпеген жерден болады, сіз оның қай уақытта болатынын білмейсіз және өз ақшаңызды қайтарып ала алмайсыз. Қаржы пирамидасы сіз ақшаңызды әкелген күннің ертесінде-ақ банкротқа ұшырауы мүмкін. Кейде жылдап қызмет етеді, бұл уақытта сіздің пайда табуыңыз мүмкін, бірақ, бұл тек сіздің соңыңыздан келген адамдардың есебінен ғана болады, айналып келгенде түбі банкротқа әкеп соғады»,–дейді басқарма басшысы.

    Компанияның қаржы пирамидасына қатысы барын қалай анықтауға болады?

    Басқарма басшысының айтуынша, сату көлемімен байланыссыз төлемдер; үлкен пайыздар мен тез баюға уәде беретін жарнамалар; белсенді сатушылар, уәдені үйіп-төгетін тұсаукесерлер, әдемі сайттар, жарнамалық таратылымдар, бұлардың барлығы қатысушыларға қанша табыс табатындары жайында айтып, қызықтыруға қызмет етеді; адамдардың басым көпшілігіне таныс емес арнайы мамандандырылған терминдерді пайдалану – форекс, стокс, фьючерс, трейдинг және тағы басқалары; қатысу үшін ақы төлеу, бірақ, ол көп адамдар үшін қолжетімді сома болып табылады; ұйымдастырушылар, құрылтайшылар туралы мәліметтер жасырылады.

    «Егер басшылық туралы мәліметтер құпия болса, ал, компанияның өзі қандай да бір аралда немесе офшорлық аумақта тіркелген болса, онда қаражатты салмас бұрын әбден ойланып алған жөн. Офшорлық аумақта компанияны тіркеу жеңілдетілген тәртіпте өтеді, ал, осы құрылымның соңында кімнің тұрғанын анықтау оңай шаруа емес; өзінен басқа қосымша екі адамды тартқаны үшін сыйақы төлеу қаржылық пирамиданың басты белгісі болып табылады»,–дейді Қоныс Жұмағұлов.

    Соңғы кезде облыс аумағында инвестициялық пакеттер жарнамалаумен және сатумен айналысатын күмәнді фирмалар пайда болды. Бұл пакеттерді сатып алған адам ай сайын белгілі сомада өсім алып отырады-мыс. Шынын айтқанда, жалған уәдеге сеніп, инвестициялық пакеттерді сатып алып жатқандар да бар. Әзірге қаржылық пирамида қызметінен зардап шеккен тұрғындар тіркелмеген.

    «Іс жүзінде, бұл алаяқтықпен айналысатын қаржылық пирамиданың нақ өзі. Енді назарларыңызға сондай жалған уәдені үйіп-төгіп жұрттың ақшасын алдап алып жүрген алаяқ компанияларды ұсынамыз: White – 90 евроға сатып аласыз, айына 17.30 % табыс түсіреді; Yellow – құны 270 евро, айына 18,20 % табыс береді; Green – 810 евро, айлық табысы 19,90 %; Blue – 2430 евро, айлық өсім 21,60 %; Red – 7290 евро, айына 22,50 % табыс береді; Black – 21870 евро, айлық табысы 26,00 %»,–дейді Қ.Жұмағұлов.

    Осыдан көріп отырғанымыздай, пакет бағасы көтерілген сайын, өсім табысы да жоғарылай түседі. Бір қараған адамға мұның ақшаны сақтап, көбейтудің тамаша амалы сияқты көрінері анық. Сондай пакетті сатып алып, ақшаға қарық болып жүрген адамдардың сөздері, көз қарықтырар жарнамалар, үйіп-төгіп берілген уәделер – бәрі бұрын мұндай алаяқ компаниялармен істес болмаған жанға кереметтей әсерін тигізіп, жиған-тергенін ойланбай салуға итермелейді. Ал, ақшаңызды бір салған соң оны қайта шығару мүмкін болмайды. Сондықтан, жалған уәдеге сеніп, алаяқ компаниялардың арбауына түспеймін десеңіз, жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан аулақ жүрген абзал.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.