Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дәурен Абаев ауылдардың қашан интернетпен толық қамтылатынын айтты
    Жаңалықтар

    Дәурен Абаев ауылдардың қашан интернетпен толық қамтылатынын айтты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚРАқпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуі кезінде еліміздегі орталықтан шалғайда орналасқан ауылдардың қашан интернетпен қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

    Елбасы Жолдауында да бұл мәселе жан жақты қамтылған. Ал бүгін ел алдында есеп берген министр алдағы үш жылдың ішінде бұл шаруа біржақты болатынын айтты.

    «Иә,бұл да өте өзекті мәселе. Министрлік құрылғанда Елбасы айтқан міндеттердің бірі де осы коммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту болатын. Биылғы Жолдауында да оптикалық-талшықты инфрақұрылыммен жаппай қамтуды атап тапсырды. Жалпы, цифрлы индустрияны құру үшін, ең бірінші, халықты интернетпен қамтамасыз ету қажет екені анық» — дейді министр.

    Сонымен қатар, Абаев егер жұмыс дұрыс жүрсе, қанша ауыл қамтамасыз етілетінін де жеткізді.

    «Әрине,қазір ауылдардың көпшілігінде интернет байланысы бар. Бірақ, оның сапасы сын көтермейтінін жақсы білеміз. Сондықтан қазір «Ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін құру» жобасын жүзеге асыруға бар күшімізді салып жатырмыз. Осы жоба сәтті жүріп кетсе, алдағы үш жылда 1900 ауылға желі тартылып, 5 миллионға жуық адам сапалы интернетке қол жеткізеді», — дейді Дәурен Абаев.

    Сонымен қатар министр халықты «100 жаңа есім» жобасына қатысуға шақырды.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.