Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Оңтүстіке 9-сынып оқушыларының куәліктеріне жалған бағалар қойылған
    Білім

    Оңтүстіке 9-сынып оқушыларының куәліктеріне жалған бағалар қойылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы тоғызыншы сынып оқушыларының куәліктеріне жалған бағалар қойылған. Бұл туралы Фердоуси тәжік мектебінің директоры болып жаңадан тағайындалған Жанар Мамырова мәлімдеді. Ол мектептің бұрынғы басшылығы жіберген қателіктерді бейнежазбаға түсіріп, Уoutube-та жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

    Жанар Мамырованың сөзінше, Фердоуси мектебінде 9-сыныпты аяқтаған 18 оқушының мектепті бітіру туралы куәлігіне бағалар өзгертіліп қойылған. Бұл кемшіліктерді ол бұрынғы директордан құжаттарды қабылдап алған кезде анықтағанын айтады. Яғни, аттестатта жазылған бағалар мен мектеп журналындағы бағалар екі түрлі болып шыққан. Олардың басым бөлігінде бағалар көтермеленіп қойған.

    «1 немесе 2 куәлікте қате кетсе, оған техникалық қателік деп қарар едім. Себебі, 12 жылдан бері мектеп директоры болып істеп келемін. Бірақ жіберілген мына қателіктерді көріп, мұншалықты сорақылықты көрмеппін деп айтар едім. Мысалы, Мырзашарипов Хаджимахмадтың құжатын алып қарасақ, журналда қазақ, тәжік әдебиеттерінен 3 деген баға қойылса, куәлікке 4 түсіп тұр. Одан кейін сызу, дене шынықтыру, орыс тілі сияқты, барлығы 10 пәнде бағалар өзгертілген. Оның ішінде 7 пәннің бағасы 3 деген бағадан 4-ке өзгертілген.Қазір менің алдымда 18 куәлік тұр, соның барлығында бағалар көтермеленіп қойылған»,-дейді жаңа директор.

    Ол бұл құжаттардың қателіктерін аудандық білім бөлімінің басшылығына жеткізбек болғанымен, Лесхан Қойлыбаевтың қабылдауына кіре алмағанын айтады. Айта кетейік, Жанар Мамырова бұл қызметке сол аудандық білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаевпен соттасып жүріп, қайта тағайындалған болатын.

    Енді Мамырова құжаттарды мұқият тексеріп шығып, құзырлы органдарға тапсыруға бекініп отыр.

    Бұл мәселеге орай аудандық білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев қандай да бір жауап қатпады, ол ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқандығын алға тартты.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.