Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Б.Сағынтаев: Үкімет мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады
    Жаңалықтар

    Б.Сағынтаев: Үкімет мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары саласын жетілдіру бойынша заң жобасына қатысты жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды- деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

    ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов бір жарым жыл бұрын іске қосылған мемлекеттік сатыл алулардың веб-порталының платформасы сатып алулар жүйесін толығымен автоматтандырып, қатысушыларды веб-портал арқылы онлайн режимде электронды камералық бақылауға өтуге мүмкіндік бергенін айтып өтті. Жалпы, қабылданған шаралар бір конкурстағы қатысушылардың орташа санын 4 есеге ұлғайтты.

    Жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында, формалды себептер бойынша ауытқуларға жол бермеу үшін, сатып алуларға қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Оң тәжірибе (бедел) мен салық жүктемесінің коэффициентіне баса назар аударылады. Сонымен қатар, алдын ала біліктілікті іріктеу институты кеңінен қолданылатын болады.

    Қаржы министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп отандық өндірушілерге қолдау көрсету шараларын әзірледі, оның ішінде Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізімі ұлғайтылды; ұсақ сатып алуларды бір үлкен лотқа біріктіру жоспарда бар.

    ҚР қаржы министрі Б. Сұлтановтың мәліметінше, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр. ҚР Қаржы министрлігінде квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне бірыңғай сатып алулар ережесін бекіту бойынша уәкілетті органдарды анықтау жоспарланған, олардың ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» ұлттық холдингтері бар. Ұлттық компаниялардың сатып алулары үшін жеке ережелер әзірленеді, олар мемлекеттік сатып алуларға қарағанда барынша икемді болмақ.

    «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө. Шүкеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.

    Мәселені қарастырудың қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі ҚР Қаржы министрлігіне мүдделі органдармен бірге жұмысты жалғастыруды және «Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын пысықтауды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.