Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бердібек Сапарбаев: «Жұмақтың бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ»
    Жаңалықтар

    Бердібек Сапарбаев: «Жұмақтың бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Темір ауданында биыл бірқатар мәселелер шешілмек. Бірақ аудандағы діни ахуал әлі ойдағыдай емес. Осы жайттарға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданының жағдайымен танысып қайтты.
    Жол азабы жойыла ма?

    Қаладан шыға бере Ақтөбе мен Темір арасындағы ең негізгі мәселені байқауға болады. Екі арадағы тас жолы көптен бері жөндеу көрмеген. Сарықобда ауылының маңындағы көпірдің жартысы құлап қалған. Өңір басшысы бұл көпірді қыс түскенше жөндеуді тапсырды.
    Темірліктер үшін қалаға қатынау басты мәселелердің бірі. Себебі тіке жол шұңқырға толы. Енді аудан тұрғындары үшін бұл мәселе шешілмек.

    Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жолды жөндеу жұмыстары басталды. Оған 1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат кетеді. Биыл оның 500 миллион теңгесі бөлінеді деп жоспарланған. Келер жылы да сонша ақша берілмек. Жөндеу жұмысына “АССАНА-ДорСтрой” ЖШС жа-уапты.
    — Жақында Парламенттің көшпелі отырысында 230 млрд теңге қаржы берілу ісі қаралып, келісім алынды. Енді ел басшысы қол қоюы керек. Кейін үкімет сол ақшаны Ақтөбе мен Атырау арасына жоғары дәрежелі жол салуға жұмсайды. Бұл жол Темір ауданының қасынан өтеді, — деді облыс әкімі.
    Бердібек Сапарбаев аудан орталығы Шұбарқұдыққа бармас бұрын, маңындағы ауылдарға соқты. Мұнда жергілікті мектеп пен клубтардың жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті.
    Шығырлы мен Ақсай ауылдарында тұратын халық саны көп емес. Бірақ бұл ауылдардың табиғаты шаруа жасауға толық мүмкіндік береді.
    — Тұрған жерлеріңіз құнарлы, жер жап-жасыл, бұлақ ағып жатыр. Мал санын көбейтіп, егін егетін жер екен. Бірақ жолда келе жатқанда мал көрмедім. Мал ұстап, оның санын көбейту керек. Мүмкіндік болса, егін егу қажет. Ал жергілікті басшылықтың міндеті – малды, оның етін тиімді бағамен сатуға көмектесу, — дейді Бердібек Сапарбаев.

    «Жат ағыммен қоғам болып күресуіміз керек»

    Бердібек Сапарбаев өзі кездес-кен ауыл тұрғындарының бәріне дін мәселесін көтерді. Темірде бұл мәселе әлі жойылған жоқ. Ол халықты жат ағыммен қоғам болып күресуге шақырды.

    — Былтыр лаңкестік шабуыл жасаған адамдардың қазір қалай өкініп жатқанын теледидардан көрген шығарсыздар. Солардың бәрі 25-35 жастағы жігіттер. Өз бастарымен ойламай, біреудің айтқанына еріп кетті. Арты не болды? Адам өмірге не үшін келеді? Өлу үшін емес, өмір сүру үшін. Ана жақта да өмір бар екенін әлі ешкім дәлелдеген жоқ. Оның бәрі қиял. «Біз Сирияға барып, сол жақта өлсек, пейішке барамыз» деп ойлайды. Пейішке барғандар хабарласып, «жұмақта отырмын» деп айтқан жоқ қой, — деді әкім.
    Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мектепке қара жамылып баратын кішкентай қыз балаларға тоқталды.

    — Балаларды, кішкентай қызды мектепке қара киіммен жіберу деген не сұмдық? Ол дұрыс емес, мұндайды тоқтату керек. Балаларымызды рухани жаңғыруға тәрбиелеуіміз қажет. Ешқандай қара жамылу болмасын. Егер ислам қағидасына, біздің заңымызға қарсы келетіндер болса, оларға тиісті шара қолданамыз. Олармен билік қана емес, қоғам болып күресуіміз керек, — деді ол.

    «Үкімет ұйықтап отырған жоқ»

    Ал аудан орталығы Шұбарқұдыққа барған соң Бердібек Сапарбаев «Қызылжар» мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй мен автокөлік тас жолын тексерді. Кейін облыс әкімі жақында ашылған «Ардақ» супермаркетіне барып, азық-түлік бағасымен танысты.

    Артынша Шұбарқұдық тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың басты мәселелеріне тоқталды. Дәлірек айтқанда, теріс ағымда жүргендермен күресті күшейту керегін айтты. Сондай-ақ, Шұбарқұдықта 310 бала екпе алмаған. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу керегін мәлім етті. Одан бөлек, бүгінгі таңда ауылда құрт ауруы мен онкологиялық аурулардың көрсеткіші ұлғайып кеткен.

    Кездесу барысында жергілікті тұрғындардың бірі билікті сынға алып, «үкімет ұйықтап отыр» деп айыптады. Бірақ аймақ басшысы мұндай сынның орынсыз екенін айтты.

    — Ешкім ерігіп жүрген жоқ. Сынау, арыз айту оп-оңай. «Үкімет ұйықтап отыр» деу дұрыс емес. Егер ұйықтап отырса, Сапарбаев қазір қолына телефонын алып, «бәрі жақсы» деп өз кабинетінде отырар еді. Отырған жоқ қой. Үкімет ұйықтайтын болса, біз мынадай жетістікке жетпес едік. Мұның бәрі үкімет жүргізген жұмыстың арқасында. Осыдан 25 жыл бұрын қалай өмір сүрдік, қазір қалай өмір сүреміз? — деді Бердібек Сапарбаев.
    Оның айтуынша, нашар өмір сүретін жалқаулар мен арыз жазғыштар ғана. Себебі олар мемлекет берген жұмыстың жалақысы 30-50 мың теңге ғана деп, бас тартады екен

    Дереккөз: kerek-info.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.