Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үйдің құжаттарын жоғалтып алған жағдайда не істеу керек
    Жаңалықтар

    Үйдің құжаттарын жоғалтып алған жағдайда не істеу керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үйдің, жер телімінің құжаттарын жоғалтып алған жағдайда не істеу керек? Олар қанша күнде дайын болады? Құжаттарды қайта даярлау үшін қанша теңге төлеу керек. Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрдік.

    Құжаттарды жоғалтып алған жағдайда, ең бірінші нотариалдық рәсімдеу жасалғанын анықтау керек. Егер жасалған болса, сол рәсімді жасаған нотариуске барасыз.

    Оған дейін:

    1. Кез келген республикалық газетке құжаттың жоғалғаны және енді жарамсыз екені жазылған хабарландыру беру керек.
    2. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан №2 және №6 анықтаманы алу керек. Олар тегін беріледі.
    3. “ПАНиКА” іздеу бюросынан құжаттың жоғалғаны жөніндегі анықтаманы алу керек. Ол 400 теңге тұрады.
    4. Нотариуске арыз жазып, 0,53 АЕК көлемінде (1 202,57 теңге) ақысын төлеу керек. Сонымен бірге құжаттың төлнұсқасын алу үшін 6 807 теңге (3 АЕК), оның нотариалды расталған көшірмесін алуға 1 588,30 теңге (0,7 АЕК) бересіз.

    ХҚКО-дан алған №2 анықтаманың жарамдылық мерзімі 1 күн. Ал №6 анықтама 10 күнге ғана жарайды. Сол себепті іс-әрекеттеріңізді алдын ала жоспарлап алыңыз.

    Егер нотариалдық рәсімдеуді жасаған нотариус жұмыстан шығап кеткен болса немесе басқа да себептермен оны таба алмасаңыз, Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару керек.

    ХҚКО-ға барғанда құжаттың жоғалғаны туралы арыз, жеке басты куәландыратын құжат пен оның көшірмесін ұсынасыз.

    Құжат үш күннің ішінде дайын болады. Ақысы – 567,25 теңге (0,25 АЕК). Қалпына келтірілген құжат тек меншік иесіне немесе оның сенімхат жазып берген адамына ғана беріледі.

    ХҚКО-ға бару үшін газетке хабарландыру берудің қажеті жоқ. Бұл талап ҚР Әділет министрлігінің 24.05.2016 жылғы бұйрығы бойынша алынып тасталды.

    Нотариуске немесе ХҚКО-ға барған соң, олар сізге үйіңіздің құжаттарын тіркеу делосындағы көшірмесінен төлнұсқа жасап береді. Ал жоғалған құжат жоққа шығарылады. Егер оны біраз уақыт өткен соң тауып алсаңыз да, қолданысқа жарамайды.

    Енді құжаттың төлнұсқасын ХҚКО-да тіркеу керек. Қызмет құны – 1 134 теңге (0,5 АЕК). Онсыз құжат заңсыз  деп саналады.

    Техникалық төлқұжат

    Үйдің жоғалған техникалық төлқұжатын қалпына келтіру бір жұмыс күнін алады. Ол үшін арыз жазып, жеке басты куәландыратын құжат пен көшірмесін, 2000 теңгелік мемлекеттік баж салығын төлегеніңізді растайтын құжатты өткізесіз.

    Мемлекеттік акт

    Жер телімінің мемлекеттік акті қалпына келтірілмейді. Оны жаңадан жасату керек. Ол үшін ХҚКО-на барасыз. Қызмет құны – 4 828 теңге. Бұл сома жер телімінің көлеміне қарай өседі. Акт алты жұмыс күнінің ішінде дайын болады. Бұл жер телімінде ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда осылай жасалады.

    Егер жел телімінің көлемі өзгерген болса, оның сызбасын жасату үшін қаладағы Жер қатынастары Басқармасынан маман шақырту керек. Ол үшін 17 497 мың теңге төлейсіз. Сызбаны алған соң, ХҚКО барып, мемлекеттік акт жасатуға болады.

    Дереккөз: szh.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.