Бүгін Шымкент гарнизонының басшысы Асхат Аудиваитов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыс етті. Дәл осындай марапатқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев, Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, запастағы полковник Мұрат Мақатов ие болды.
Сондай-ақ облыс әкімі аппараты аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, запастағы подполковник Қайрат Бекбауов, аумақтық қорғаныс бригадасы штабының бастығы, запастағы подполковник Мұхтар Қаратаев Қорғаныс министрінің граматасымен марапатталды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі