Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте электронды билет жүйесі енгізіледі
    Жаңалықтар

    Шымкентте электронды билет жүйесі енгізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.11.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Журда Шымкенттегі қоғамдық көлік қызметі толғымен электронды билет жүйесіне енгізіледі». Бұл туралы Шымкент қаласының баспасөз қызметі хабарлайды.
    Шымкентте Кореялық «Korea Smart Card» компаниасы өкілдерімен кездесу өтті. Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды. Енді таяу арада жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізілуі 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Электрондық қондырғыларды автобустарға орнату, арнайы жол жүру картасын шығаруды толығымен өз қаражаттарымен орындамақ. Инвесторлар «тек әр билеттен 10 пайыз ғана пайда» көреміз деп отыр. Қуантарлығы,бұл қызмет түрі мұнан былай көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компаниаларынның жұмысына тосқауыл қойады. Сонымен қатар жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды. Яғни бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады.
    «Korea Smart Card» компаниасы IT-консалтинг саласы және автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым болып табылады.
    Аталмыш компания 2004 жылдан бері 97 млионнан астам электронды картаны жүйеге енгізген. Дәлірек айтсақ, 24 мың автобекетке және 10 мыңнан аса метроның кіре берісіне электронды билет жүйесін орнатқан. Бір күндік транзакция көлемі 19 миллион доллардан асады. Сонымен қатар, Кореялық компания Сеуіл қаласының астаналық муниципалитетінің 36,16 пайызына «LG Group» копманиясының 32,91пайызына акционер есебінде иелік етеді. Бұған дейін электронды билет жүйесін Малайзия, Тайланд, Въетнам, Ресей, Жаңа Зелландия, Колумбия елдерінде сәтті қолданысқа енгізген. Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде, бірер ай ішінде, қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі. Естеріңізге сала кетер болсақ, аталған жүйе «Ақылды қала» жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар аударғандығын айтқан болатын. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларының үлгісінде коммуналдық автопарк ашу қажет екендгін жеткізген еді. Айта кетерлігі, бүгінде шаһарда 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1 198 кестемен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктерде жол ақы тарифі басқа қалалармен салыстырғанда төмен. Салдарынан тасымалдаушылардың автобус парктерін жаңалауға қызығушылығы төмен.

    12307325_1672757172970643_6049806086642634724_o

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.