Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»1 маусымнан бастап Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі
    Жаңалықтар

    1 маусымнан бастап Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚазАқпарат — Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен багаждары ішінара тексеріледі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалдарында қол жүктері мен багаждарын тексеру жұмыстары кезең-кезеңімен енгізілуде. Биыл 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды. Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі»,-деп жазды ресми өкіл.

    Сонымен қатар ол елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана — Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылғанын атап өтті.

    «2014 жылғы 16 қазандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, террористік қауіптіліктің қандай да бір қауіп деңгейі жарияланбағанда не қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі жарияланған жағдайда жолаушыларды және келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын ішінара тексеріп, қарау жүргізіледі. Ішінара тексеріп, қарау қағидаты көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексеріп, қарау пункті қызметкерлерінің күдігін тудыратын жолаушылар мен келушілерге, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына қолданылады. Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және шекті («қызыл») деңгейі жарияланған кезде барлық жолаушылар мен келушілер, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп, қарауға жатады»,-дейді М.Жұманбай.

    Дереккөз: inform.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.