Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен Франция Республикасының Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар болды. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұловпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобаларға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өңірдегі туризм салаларына инвестициялар тарту жайында айтылды. Француз дипломаты өзара ынтымақтастықты кеңейту үшін мемлекеттік-жеке серіктестіктің мүмкіншіліктерінің потенциалы жоғары екендігін айтып өтті. Өз кезегінде Бас консул ОҚО әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, іскерлік әрі серіктестік ынтымақтастықты одан әрі дамытатындықтары жөнінде сенімділік білдірді.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










