Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елімізде көгілдір отынға деген біркелкі тариф орнатылуы мүмкін
    Жаңалықтар

    Елімізде көгілдір отынға деген біркелкі тариф орнатылуы мүмкін

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.05.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ақмола облысындағы «Арнасай» «жасыл» технология орталығында өткен көшпелі қоғамдық кеңес отырысында осылай деп мәлімдеді.

    Бұған қоса, сала басшысы дүниежүзілік ЕХРО көрмесіне дейінгі дайындық барысын баяндады.

    Арнасай ауылының тыныс-тіршілігі «жасыл» технологиямен тікелей байланысты. Елді мекендегі тұрғындар инновациялық өнертабыстарын күнделікті тұрмыста қолданып жүр. Көрмеге қойылған көрнекі құралдың көбі коммерциялық тұрғыда толағай табыс әкелген. Ал бензинді сумен алмастыратын жаңа қондырғыны ойлап тапқан елордалық Диас Оралов өзінің тың туындысын алғаш рет көпшілік назарына ұсынды. Айтуынша, сутегі генераторы көліктің жанар-жағармайға деген сұранысын 40%-ға дейін өтеп, ауаға тарайтын зиянды затты азайтады. Ендігі жерде бұл жобаға мемлекет тарапынан қолдау тапса, дүниежүзілік ЕХРО көрмесіне қойылуы мүмкін.

    Данияр Әзімханов, қоғамдық кеңес мүшесі:

     — «Жасыл» технологияға көшу жөніндегі тұжырымдамада 2017-2018 жылдарда жұмсалатын қаржы мөлшері 1 млрд доллар деп көрсетілген. Осыншама қаржы қалай және қандай мақсатта жұмсалып жатыр?

    Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

     — Тұжырымдама дүниежүзілік дағдарыс басталмай тұрып жазылған еді. Жыл сайын баламалы қуат өндіретін нысандар іске қосылып жатыр. Қазір елдегі 50 станция осы мақсатта жұмыс істейді.

    Энергетика саласының биылғы бюджеті 85,8 млрд теңгені құрайды. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда біршама көп. Министрдің айтуынша, бюджеттің басым бөлігі энергетика, көмір және уран салаларын қаржыландыруға жұмсалады. 11%-ы мұнай-газ секторы мен химия өндірісіне, ал 9,7%-ы қоршаған ортаны қорғау ісіне бағытталады.

    Алмас Құдайберген, қоғамдық кеңес мүшесі:

    — Геологиялық зерттеу бойынша елімізде қатпарлы мұнай-газдың қомақты қоры бар. Өзіңіз білесіз, АҚШ осы шикізатты өндіріп, қыруар пайда тауып келеді. Бізде осы мұнай түрін өндіруге қашан көңіл бөлінер екен?

     Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

    — Біздің мәлімет бойынша, еліміздегі қатпарлы мұнай қоры белгісіз. Геологтар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірақ барлау нәтижелеріне сүйенсек, шикізаттың бұл түрі табылған жоқ. Басқосуда еліміздің солтүстік аймақтары мен Астананы көгілдір отынмен қамту мәселесі де көтерілді. Бұл бағытта министрлік бірқатар түйткілдің түйінін реттеуді көздеп отыр. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қызылордадан елордаға қарай газ құбыры тартылуы тиіс. Ол үшін еліміз бойынша көгілдір отынға біркелкі тариф орнату жоспарда бар.

    Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

    — Келесі аптада бұл мәселені қарастыратын боламыз. Астана қаласының әкімімен бірге қараймыз. Сонан кейін келесі айда Премьер-Министрге баяндайтын боламыз.

    Қоғамдық кеңес кезінде министр отандық өнертапқыштарды ЕХРО көрмесіне белсенді қатысуға шақырды. Себебі, дүниежүзілік шарада еліміздің тарапынан технологиялық тұрғыда 28 тың туынды ұсынылады. Көрнекі құралдар 30 мамырда арнайы павильонға қойылады. Ал ел аузында «жасыл» ауыл атанып кеткен «Арнасай» ЕХРО қонақтарын қарсы алып, инновациялық жетістіктерді паш етуге дайын.

    Дереккөз: 24.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.