Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Жас қыран» лигасының құрылуы жөнінде Қазақстанның балалар және жасөспірімдер футболының лигасының атқарушы директоры Б.Есмағамбетовты қабылдады. Кездесу барысында екі жақ балалар және жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту жөніндегі жоспарларын айтты. Аталмыш лигасының негізгі мақсаты — жарыстарда футболшылардың жеңіске ұмтылуын жетілдіріп, ауыл-аудан аралық жарыстарды ұйымдастыру. Сонымен қатар, қала және облыс аумағында өтетін спорттық жарыстарды алдағы уақытта Республика деңгейіне шығару жоспарланды. Айта кетейік, 2015 жылдың тамыз айында «Қазақстанның Футбол Федерациясы» эгидасымен бірінші рет «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер футболының лигасы құрылды. Ал қараша айында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы облыстарының және Алматы қаласының құрама командалары арасында алғашқы лига чемпионаты өтті. Алдағы уақытта еліміздің барлық облыстары мен қалаларында филиалдарын ашуды жоспарлап отыр.
ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...










