Елбасы,«Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі шараларды халыққа түсіндіруде жетекші партияға ауқымды міндеттер жүктеген болатын. Осыған байланысты, партия құрылымдарынан тұратын арнайы 8 топ құрылып, өңірлерде көшпелі семинарлар өткізуді бастады. Астана, Алматы қалаларымен қатар алты облыс орталықтарында ұйымдастырылған жиынға еліміздің басқа өңірлері де бірмезетте бейнебайланысқа қосылды. Осы орайда арнайы топ бейсенбі күні оңтүстік өңіріне ат басын бұрып, «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалында семинар өткізді. Басқосу барысында Қызылорда және Жамбыл облыстары да онлайн арқылы тікелей бейнебайланысқа шықты. Ерлан Отарбаев
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...