2015 жылғы 8 қарашада шамамен сағат 10.40-та Арыс қаласының маңындағы «Қазтехнология» ЖШС-ның жару алаңының полигонында қалдықтарды кәдеге жарату кезінде жарылғыш заттардың жарылысы орын алды. Оқиға нәтижесінде «Кәдеге жарату орталығы» филиалының технологі 1974 жылы туылған Ермұрат Иманқұлов ажал құшты. Қазіргі кезде оқ-дәрілерді кәдеге жарату және қалдықтарды жою бойынша жұмыстар тоқтатылды. Аталған жазатайым оқиғаны тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.