Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталады
    Жаңалықтар

    Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары 2018 жылы аяқталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін  ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев арнайы іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Ведомство басшысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  ең алдымен Шымкент  мұнай өңдеу зауытына атбасын бұрып, мұндағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

    «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығы министрге жобаның бірінші кезеңі бойынша атқарылған механикалық жұмыстардың аяқталып, екінші кезең нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі туралы баяндады. Бүгінде «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауытындағы құрылыс жұмыстарына 4 мыңға жуық маман  тартылған. Оның бір  мыңдайы қазақстандық мамандар.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгінде еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытында  жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылдың бірінші жартжылдығына жоспарланып отыр.

    «Әрине, үш зауытты жаңғырту жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп отыр. Яғни, жаңғырту несие ресурстарын тарту және аталған зауыттардың өз қаржысы есебінен жүргізілуде. Жалпы жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталса, еліміздегі бензин сапасы жақсарып, дизель және керосин өнімдерінің бағасы тұрақтанатын болады. Ең бастысы — 2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылып, еуразиялық одақтың талаптарына сай өнім өндіре бастаймыз», — деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

    Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясынан ішкі нарыққа тасымалдың 30 пайыздық  тәуелділігі бар. Егер 70 пайыздық  тұтынушылық біздің үш мұнай өңдеу зауыттарының есебінен қамтамсыз етілсе, 30 пайыз отын сырттан әкелінеді.

    Министрдің қатысумен өткен арнайы  жиында  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кəсіпорын басшылығындағы қытайлық инвесторларға ең өзекті екі мәселеге назар аударуды ескертті.

    «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауыты облысымыздағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорынның біріне айналып отыр. Аталған кәсіпорында жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы керек. Яғни жергілікті мамандарды жұмыспен қамту мақсатында қажетті кәсіптік-техникалық  мамандарды даярлау мәселесіне көңіл бөлуге кеңес берер едім. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс. Сондай-ақ жергілікті жұмысшыларды тәжірибе алмасу мақсатында шетелге жіберу ісін жолға қойған абзал», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарыла бастайды.

    Мұнан соң Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған жұмысшы топ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы пайдалануға берілген Шымкент қаласындағы 160 гкал/сағ. болатын қазандықты аралап көрді. Қазандық бүгінде әкімшілік іскерлік орталығындағы 38 көпқабатты тұрғын үйді және 6 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр. 2015 жылы пайдалануға берілген қазандық газбен жылытылады. Нысанның құрылысына 3,4 млрд теңге жұмсалған.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.