Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»ОҚО әкімі «Казмедприбор» ЖШС-ның жұмысымен танысты
    Денсаулық

    ОҚО әкімі «Казмедприбор» ЖШС-ның жұмысымен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.04.2017Updated:12.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық саласына қажетті күрделі және  озық үлгідегі техника мен құралдарды шығаруда белсенділік танытып келеді. Республиканы арзан бағадағы медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіп отырған «Kazmedpribor Holding» ЖШС-нің жұмысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, онда шығарылып жатқан өнімдерге жоғары бағасын берді.

    Аймақ басшысы кәсіпорынның өндірістік бөлігін аралап көріп, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың өндірілу барысымен танысты.

    Айта кетейік,   аталған кәсіпорын  2005 жылы «Бизнестiң жол картасы — 2020»  мемлекеттiк бағдарламасы аясында  ашылған  болатын.  Бүгінде  өндiрiс орны рентген аппараттары мен  медициналық жиһаз- жабдықтар шығарып, дәрілік өнім  өндірумен айналысады. Халықаралық стандартқа сәйкестiк сертификатын алған зауыт бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтарына дейін қамтып отыр.  Соңғы үлгідегі инновациялық жобаларды іске асыруда кәсіпорын  Жапония, Испания, Корея сынды алпауыт мемлекеттердің зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.  Бүгінде мұнда 150-ге жуық адам еңбек етеді.

    «Кәсіпорынның жұмысы жүйелі. Өнімдері де сұранысқа ие. Мұнда жасалынатын қондырғылар озық шетелдік құрылғылардан кем түспейді. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған кәсіпорын жедел-жәрдем көлігін бастан аяқ жабдықтап, қажетті құралдармен қамтамасыз етуге қауқарлы.  Қаншама отбасыны жұмыспен қамтып,  табысын еселеп отыр. Ең бастысы – кәсіпорын басшылығында ізденіс пен ұмтылыс бар», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Қазіргі таңда “ҚазМедПрибор” мекемесінде медициналық құрал-жабдықтың 400-ден аса түрі шығарылады.  Жалпы зауыт жылына 60 мың дана медициналық техниканы шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, мұнда жедел-жәрдем көлігіне қажетті құралдардан бөлек, электрокардиографтар, медициналық мониторлар жасалады.  Әрi сапалы, әрi бағасы көңiлге қонымды кәсiпорынның өнiмiне  деген сұраныс жыл санап артып келеді. Бүгінде зауыт өнімдеріне Ресей,  Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сынды көршілес елдерден сұраныстар түсе бастаған.

    ОҚО  әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.