Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев халықтың ипотекалық және валюталық проблемаларын шешуді тапсырды
    Жаңалықтар

    Назарбаев халықтың ипотекалық және валюталық проблемаларын шешуді тапсырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2016 жылғы қызметінің қорытындылары жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.

    Сондай-ақ, кеңеске Қазақстан Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов және Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары қатысты.

    Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Ұлттық банк пен еліміздің қаржы жүйесі тұрақты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

    – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Үкімет пен Ұлттық банктің алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөнінде міндет қойылды. Ол үшін Оңтүстік Корея сияқты әлемнің бірқатар елдерінің табысты тәжірибесіне сүйену қажет. Бірақ инфляцияны кезең-кезеңімен төмендету 3-4% деңгейінде болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

    Елбасы қаржы секторындағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған, үнемі кездесетін қатерлерге назар аударып, ұлттық экономиканы дамытудың қазіргі қарқыны жеткізіліксіз екенін айтты.

    – Бұл мәселені шешу үшін макроэкономикалық тұрақтылыққа, банк секторын сауықтыруға және қор нарығын дамытуға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Қойылған міндеттерді іске асыруда Ұлттық банк басты рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.

    Д.Ақышевтің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 13,6%-дан 8,5%-ға төмендеген. Биылғы наурызда бұл көрсеткіш 7,7% болды.

    – 2017 жылдың соңында инфляция деңгейі 7%-ға жетіп, 2018 жылы одан әрі төмендейді деп жоспарлануда. Инфляция қарқыны бәсеңдеп келеді. Айырбас бағамының аздаған ауытқулары орын алып отыр. Бұл ретте ол толығымен  негізгі факторларға тәуелді. Ұлттық банк тарапынан былтырғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізілмегенін атап өткен жөн, – деді Ұлттық банк төрағасы.

    Нұрсұлтан Назарбаевқа 14 млрд АҚШ доллары көлемінде рекордтық мөлшердегі  шетел инвестициясы келгені және еліміздің сыртқы қарызы азайғаны туралы мәлімделді.

    Д.Ақышев Қазақстан Президентіне Ұлттық банк пен Ұлттық қор резервтерінің ахуалы, монетарлық саясаттың іске асырылу барысы, валюта нарығының жағдайы, банк секторы мен қор нарығының дамуы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк көрсететін қызметтердің цифрландырылуы, сондай-ақ осы саладағы жаңа сын-қатерлер туралы баяндады.

    – Еліміздің банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар қабылдауды тездету керек. Қажет болған жағдайда, акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруға тиіс. Сондай-ақ, олар әлсіз банктерді біріктіруге бейімделуі тиіс, – деді Елбасы.

    Мемлекет басшысы ипотекалық қарыз проблемаларын қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу мәселелеріне ерекше тоқталып, азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

    Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Ақышев ұсынған есепті мақұлдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

    – Үкімет пен Ұлттық банкке бұған дейін жүктелген міндеттерді шешу жөнінде келісілген іс-қимылдар әзірлеу тапсырылады. Отандық және халықаралық деңгейдегі былтырғы тәжірибені ескеріп, айырбас бағамы өзгеруінің түрлі жағдайындағы іс-қимылдың нақты алгоритмі пысықталсын. Экономиканы ұзақ мерзімге несиелеу көлемін артыру мақсатымен шұғыл депозиттерді көбейту шаралары әзірленсін. Қор нарығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандырып, валюталық және ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар енгізілсін, – деді Қазақстан Президенті.

    Дереккөз: naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.