Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 66 тұрғын үй пайдалануға беріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2017Updated:11.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлім етті.

    Оның айтуынша,  облыста мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі — жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі — «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.

    «Мәселен, осы жылы әкімдік арқылы жалпы аумағы 31,6 мың шаршы метр болатын 558 пәтерлік көпқабатты 11  үй тапсырылады. Ал «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша 180 мыңнан астам шаршы метр  болатын баспана тапсырылмақ. Ол 3086 пәтерлік 55 үй. Осылайша, 2018 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша банк желісімен облыста 226,2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек»,-деді Қ.Маликов.

    Сонымен қатар, ол биылдан бастап мемлекеттің барлық тұрғын үй бастамалары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзе асатытын атап өтті. Аталған бағдарлама 5 негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырлады. Соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиттік баспана бағытын жүзеге асырады, және жеке тұрғын үй құрылысын несиелендіретінін жеткізді.

    Брифингте мәлім болғандай, осы жылдың 3 сәуірінен бастап Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі — шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының   0,55%-ын құраған еді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.