Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Шымкентте аймақтық диабет орталығы ашылды
    Денсаулық

    Шымкентте аймақтық диабет орталығы ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Шымкент қаласында облыстық эндокринология диспансерінің базасында Аймақтық диабет орталығы ашылды. Аталған орталық көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындарына да мамандандырылған көмек көрсетеді.
    Мұнда қант диабетімен сырқаттанатын науқастарға заманауи емдеу және диагностика тәсілдері қолданылады. Науқастардың гликемиялық көрсеткіштерін  тәулік бойына 288 рет анықтау арқылы үнемі үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін СGMS құрылғысы бар. Сонымен қатар «Диабет мектебін» арнайы дайындықтан өткен инструкторлар жүргізеді.
    Аймақтық диабет орталығы орналасқан облыстық эндокринология диспансерінде қызмет атқаратын дәргерлердің 60 пайызға жуығы жоғарғы санатты білікті мамандар. Науқастарға эндокринолог-диабетологтармен қатар нефролог, кардиолог, офтальмолог, невропатолог, ангиохирург дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді.
    Диспансер дәрігерлері жыл сайын біліктілігін арттыруда. Мәселен, өткен жылы 2 дәрігер-эндокринолог Ресейдің «Санкт-Петербург көп салалы орталығында» аяқ тамырлары патологиясына ультра дыбыстық диагностика циклында біліктілігін жетілдірді. Тағы 1 дәрігер сол Санкт-Петербургте «Жіңішке инелік аспирационды биопсия мәліметтері бойынша қалқанша безінің морфологиялық диагностикасында», 25 дәрігер республика деңгейінде біліктілігін арттырды.
    Облыстық эндокринология диспансері медициналық колледждер мен жоғары оқу орындары медициналық факультеттерінің клиникалық базасы болып табылады. Мұнда науқастарды емдеумен қатар диабетология мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар мен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Қант диабеті мектебінің жаттықтырушыларын даярлайды. Салауатты өмір салтын насихаттау, семіздікті алдын-алу диабет мектебінде оқытылады.
    Елімізде қант диабетіне қарсы күресті ұйымдастыруда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне үлкен мән берілуде. Осы мақсатта ашылған Аймақтық диабет орталығы аурудың пайда болу қаупін азайтуға және диабеттік ретинопатия, нефропатия, невропатия, диабеттік табан секілді қауіпті асқынулардың алдын-алуға көмектеседі.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.