Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО мәслихатының депутаттары сенбілікке шығып, 10 мың түп ағаш көшеттерін отырғызды
    Жаңалықтар

    ОҚО мәслихатының депутаттары сенбілікке шығып, 10 мың түп ағаш көшеттерін отырғызды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.04.2017Updated:08.04.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтің бастамасымен іске асқан «Шатқал» бағдарламасы өз нәтижесін беріп келеді. Яғни, өңіріміздің барлық аудан, қалаларында қарқынды жүріп жатқан көшет отырғызу жұмысының кезекті эстафетасы мәслихат депутаттарында. Яғни, күні кеше облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиевке қала іргесіндегі 8 гектар  аумақты абаттандыру үшін арнайы жер бөлініп берілген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарды атқару облыс мәслихатының 50 бірдей депутатына тиесілі. Өз кезегінде бірден іске кіріскен халық қалаулылары мәслихат хатшысы бастап бүгін арнайы бекітілген алқапқа барып, көптеген ағаш көшеттерін отырғызды.

    400000Облыстық мәслихаттың депутаттарына бөлініп бірілген жер Қаратау аудан әкімдігіне қарасты  «Достық» тұрғын алабында орналасқан. Яғни, бұл белгіленген аумақта әрбір халық қалаулысы  кестеге сай  120  көшеттен отырғызуы  қажет. Сонда бәрін қосқанда, шатқал аумағына 10 мың түп көшет ағаштары егілуі тиіс. Таңертең басталған сенбілікте облыс мәслихатының депутаттары белсенді қатысып, туған өлкені түлету ісіне ынтымағы жараса кірісті. Облыстық  мәслихаттың хатшысы Қайрат  Балабиев бастаған  халық қалаулылары қолдарына бір бір күректен ұстап, айналаны көгалдандыруда барын салды.

    50 депутатқа берілген  сайлы жер  тұрғын үйлердің ортасында орналасқан. Сол себепті де, мұндағы тұрғындар ертең жемісін жесін деген ниетпен түрлі жеміс көшеттері таңдалып алыныпты. Бұл бір шетінен  шағынаудан халқына жасалынып жатқан зор мүмкіндік. Жаздың аптап ыстығында сая, қыстыңкүні пана болатын жер өнімі де ертең мол болып, бұқараны қуантпақ. Бүгінгі сенбілікке өзі басқаратын мекеменің қызметкерлерін ерте келген мәслихат депутаты Әбілқасым Досболов ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын игі істің қатысушысы болғанына дән риза.

    400000000000Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөзін ұстаным етіп, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өнегелі ісімен танылған облыс мәслихатының 50 депутаты қашанда халықтың күйін күйттеп, жоғын жоқтаушы, игі істің қолдаушысы. Ал, оңтүстіктегі белді оқу ордасының ректоры Оңалбай Аяшев сенбілікте әріптестерінің жанына табылды.

    «Жұмыла көтерген,  жүк қашанда жеңіл». Әрі ауызбіршілікпен атқарылған істің нәтижелі болатындығын аңғардық. Қашанда ресми кездесулерде жолығатын халық қалаулылары табиғат Ананы түлетудегі игі істің мақсат-мұраты жолында кездесіп отырғандығына қуанышты. Жас депутаттарға ағалық жол көрсетуші Шәріпбек Жамалбек те бұл күні қолына күрек ұстап, артында өшпес із қалдырды.

    Бүгін халық қалаулылары отырғызған тал-дарақтардың ертең әдемі болып өсуі үшін арнайы күтім мен қырағы бақылаудың қажет екендігі анық. Ауыл іргесіне отырғызылған 10 мың түп көшеттің қадағалаушысы болып Өмірзақ Мелдеханов таңдалған. Яғни депутаттар шатқалын күтіп-баптау жұмыстарына іскер азамат жауап береді.

    Ал,  халық қалаулысы, белгілі кәсіпкер  Нұралы Әбішовке  120 көшет отырғызу  емес, 10 гектар жерге 4 мың түп ағаш егу жұмыстары жүктеліпті. Яғни,  қаламыздағы Қ.Төлеметов даңғылының  оң жақ бетіндегі сайлы жеріне депутат «Комби строй» мекемесі қызметкерлерімен бірге сенбілік жасады. Бұл аумақта болашақта саялы саябаққа айналмақ.    

    Елбасының өңірлерді дамыту, облыс әкімі Жансейіт Түймбаевтің «Шатқал» бағдарламасы Оңтүстік тұрғындары үшін шарапаты мол жұмыс. Бүгінгі сенбілік оңтүстіктегі бірлікпен атқарылып жатқан жүйелі  жұмыстардың айнасы секілді.

    Жер абаттанса — ел ауқаттанады.  Елбасының осы бір қанатты сөзі, мемлекеттің дамуына  арналған. Сенбілік барысында  мәслихат депутаттары сайлы шатқалдың құзды бөлігіне арнайы көтеріліп, өздеріне бөлінген жерді бір шолып шықты. Бұл көрініске қарап, халық қалаулыларының белсенді ісін жоғары бағалағайсын.

    5000000

    900000Ұлдархан Уәлиханқызы

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.