Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады
    Денсаулық

    Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда «Санитариялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» базасында Қоғамдық денсаулық сақтау ғылыми орталығы құрылатын болады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Баспасөз қызметінің жұма күнгі таратқан хабарында айтылғандай, бұл туралы бүгін вице-министр Александр Цой селекторлық режимде болған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының отырысында мәлімдеді.

    Алқаға қатысушыларды Қазақстандағы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру туралы ақпараттандыра отырып, Алексей Цой ол үш негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. Бұл саясатты қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті қолдау үшін заңнамалық базаны жетілдіру арқылы әзірлеу; инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы мен мониторингіне бағытталған іс-шараларды іске асыру; халық денсаулығын қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық ресурстарын жұмылдыру мен үйлестіру.

    «Қызметтің үлгісі үш деңгейде ұсынылады: ұлттық, облыстық және аудандық. Ұлттық деңгейде ҚР Үкіметінің жанындағы Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Кеңесінің жұмысын жалғастыру ұсынылады, бұл деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралардың стратегиясы, жоспарлау мен үйлестіру айқындалатын болады. Облыстық деңгейде қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру денсаулық сақтау жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңестерінің деңгейінде әкімдіктерде жүзеге асырылатын болады. Аудандық деңгейде – аудандық әкімдіктердің, ауыл округтерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, аудандық орталық ауруханалардың, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушериялық пункттердің, медициналық пункттердің, ҮЕҰ-лардың қатысуы кезінде денсаулық сақтау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады» — деп хабарлады вице-министр.

    Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне 2017 жылдан бастап 2019 жыл аралығында (орта мерзімді кезең) сектораралық өзара іс-қимылды кеңейту, бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту мәселелерінде ҮЕҰ, медициналық ЖОО-лардың, ғылыми орталықтардың рөлін күшейту міндеттері алға қойылған.

    Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен қабылданған көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне ықпал ететін ауруларды емдеуге денсаулық сақтау бюджетінің шығынының өсуін төмендетуге, мемлекеттің барлық секторын қоғамдық денсаулық сақтау ісіне тартуға және халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды тамақтану стереотипіне және белсенді және сапалы ұзақ өмір сүруге ұмтылуына мүмкіндік береді.

    Алқада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаева денсаулық сақтау ұйымдарының МӘМС енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері денсаулық сақтау ұйымдарында, соның ішінде ауылдық елді мекендерде тиісті АТ-инфрақұрылымын құруы және қажетті компьютерлік техниканы сатып алуды қамтамасыз етулері қажет деді. 2017 жылы денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жарақтандыруды 50%-ға, 2018 жылы 100%-ға дейін жеткізу қажет екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлер барлық денсаулық сақтау ұйымдарын жергілікті медициналық ақпараттық жүйемен қамтамасыз етуге тиіс.

    Сонымен бірге, вице-министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды, себебі, олар халық үшін, әсіресе МӘМС енгізу шеңберінде барынша өзекті болып табылады.

    Барлық медициналық препараттардың бағаларын мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік мүддесін қозғайтынын ескере отырып, одан әрі тиісі НҚА даярлау үшін (пациенттердің, үкіметтің және бизнестің мүдделерін ескере отырып) бағаларды реттеудің тиімді әдістерін қолдануды ескерумен аккредиттелген Ассоциациялар мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасының алаңында конструктивтік ұсыныстарды әзірлеу және талқылау қажет.

    Фото: islam.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.