Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Е.Біртанов: Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық өршіп тұр
    Денсаулық

    Е.Біртанов: Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық өршіп тұр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2017Updated:07.04.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Министр Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың қауіпті деңгейге жеткенін айтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Біріншіден, бәріміз денсаулық саласында жемқорлық барын мойындаймыз және өкінішке қарай, ол қауіпті деңгейге жетіп, өршіп барады. Мұның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі — лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлық», — дейді министр ведомство алқасының отырысынан тыс кезде.

    «Екінші қиындық — мемлекеттік және жекеменшік ұйым қызметкерлерінің: медбикелер, дәрігерлер, оқу орындарының оқытушылары және тағы басқа заңсыз сыйақы алуы. Мұның бәрімен күресу керек, бірақ, бұл шаралар белгі үшін ғана жасалып отырғанын байқап жатырмыз», — дейді ол.

    Сонымен қатар, министрдің сөзінше, мемлекеттік сатып алу саласында да жемқорлық заңбұзушылықтар бар. «Бұл лауазымды қызметкерлерге тән. Сатып алу жоспары, бюджетті бекіту және бюджеттің мақсатты жұмсалуы қоғамның қатысуымен жүруі тиіс. Қазір бізде корпоративті басқару енгізіліп жатыр. БАҚ-тарда, қоғамда, медициналық ұйымдарда болуы керек. Бұл оқу орындарына да қатысты», — деді министр.

    Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдарының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бағалауы бойынша Қазақстан экономикасы ішінде денсаулық сақтау саласы жемқорлық жайлаған салалардың бестігіне кіретінін айтады. Оның мәліметі бойынша, 2017 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында12 қылмыстық іс қозғалып, денсаулық сақтау ұйымдарының сегіз басшысы сотталған.

    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.