Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы қандай?
    Денсаулық

    Қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы қандай?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгінде елімізде қан тапсыратын донорлардың қатары артып келеді. Жалпы қан тапсырудың денсаулыққа тигізер пайдасы қандай? Қан тапсырушы донорларға қандай жеңiлдiктер жасалады? Бұл туралы Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығы директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова Қазақстандағы қан қызметiне арналған республикалық конференция кулуарында берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

    «Елiмiзде қан қызметi саласында жұмыс iстейтiн 18 орталық бар. Жыл сайын Қазақстанда 220 мың донор қан тапсырады, 280 мыңға жуық донация (қанды бiрнеше рет тапсыру – агент. ескерт.) жасалады. Ал Астанада жылына 36 мың донор қан тапсырады. Трансфузиология орталығы елорданың 22 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерiмен қамтамасыз етiп отыр. Бiзде бiр емес, бiрнеше рет ерiктi түрде әрi тегiн қан тапсыратын донорлар саны артып келедi. Бұл көрсеткiштер күрделi оталарды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi. Бiз қанды арнайы көлiкпен және контейнерлермен жөнелтемiз. Қазiргi таңда Астана мен Алматыда орган трансплантацияланады, олар мiндеттi түрде трансфузиологиялық терапиямен қамтылады. Бiздiң қан компоненттерсiз ешбiр күрделi ота жасалмайды. Сондай-ақ, қан жол апатынан зардап шеккендерге, жан сақтау бөлiмдерiне жiберiледi. Ересектер мен балалар өмiрi үшiн күресiп жатқан онкогематология бөлiмдерi де күн сайын тромбоциттер алып отырады. Олар бiздiң компоненттерсiз өмiр сүре алмайды», — дедi маман.

    Оның айтуынша, тегiн қан тапсырған донорлар «Халық денсаулығы туралы» кодекске сәйкес, 2 күн демалысқа анықтама алады. Бұл күндердi донорлар бiр жыл iшiнде қалаған кезiнде ала алады. Сондай-ақ, донорлардың қан тапсырған күнi жұмыстан босатылуға құқығы бар. Егер олар жұмысын жалғастыра берсе, бұл демалыс күнiн кейiн пайдалана алады. Сондай-ақ, донорларға қан тапсырудан кейiн қан көлемiн ұлғайтып, күш қуатын қалпына келтiру үшiн тамақ немесе 0,25 АЕК көлемiнде ақша (540 теңге) төленедi.

    «Бiзде тромбоциттер, сирек кездесетiн қан топтары мен терiс резус факторлы донорлар санаты бар. Аталған категория халықтың 9 пайызын құрайды. Олар тапсырған қаны үшiн өтемақы алады. Донорларға тромбоциттер үшiн 1 АЕК, ал сирек кезедесетiн қан тобы үшiн 2 АЕК көлемiнде ақы төленедi және бiр күн демалыс берiледi. Бiз оларды шақырған кезде ғана ақысын төлеймiз», — дедi Мұсабекова.

    Маман елiмiзде ең қарт донордың 71 жаста екендiгiн айтты. Алматылық Александр Скаковский 1 мыңнан астам рет қан тапсырған екен. Ал Астанадағы қарт донордың жасы – 57.

    «18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады. Олардың жоғарғы жасын шектемеймiз. Оны терапевт-трансфузиолог анықтайды. Адамның денсаулығы жақсы болса, 60 жастағы азамат та қан тапсыра алады. Бiрақ, оларға донация саны бойынша шектеу қойылады. Бiз егде жастағы донорлардан электр кардиограммасын, терапевт қорытындысын талап етемiз. Жалпы, қан тапсыру үшiн ең қолайлы кезең – 20-40 жас аралығы», — дейдi директордың орынбасары.

    Орталық өкiлiнiң айтуынша, ерiктi донорлар туыстарына немесе бөтен адамдарға көмектесу үшiн қан тапсырады. Олардың көбi адамдарға көмек көрсетiп, жақсылық жасауды ғана көздейдi. Кейбiреулер толық тексерiлу үшiн қан тапсырады. Себебi, орталыққа келген донорлар мұқият тексеруден өтедi. Олар трансфузиялық инфекцияларға тексерiлiп, гемоглобин мөлшерiн бiлiп, терапевт маманға қаралады.

    «Орталықта қан тапсырғандар бiзде қауiпсiз екенiн көрiп, қайта келiп жатады. Донорлардың күш қуаты артып, көңiл күйi жақсарады. Негiзi, қан тапсырудың ешқандай зияны жоқ, ол керiсiнше денсаулыққа пайдалы. Себебi, тұрақты түрде қан тапсыратындардың қан жүйесi жаңарып, олардың миокард инфарктiсiн алу қаупi 30 пайызға төмендейдi. Донор ер адам жылына 5-6 рет, ал әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан 450 миллилитрден тапсырылады. Бұл мөлшер денсаулыққа еш әсер етпейдi», — дедi маман.

    Дегенмен, оның айтуынша, кез келген адам қан тапсыра алмайды. Жұқпалы аурумен ауырғандар, мысалы сифилис, туберкулез, вирустық гепатитке шалдыққандар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан алынбайды. Ал тұмау жұқтырғандардан қан 2-3 апта өткеннен кейiн ғана алынады.

    «Бiз қан мен компоненттердiң қауiпсiздiгiне 100 пайыз кепiл бере аламыз», — деп қорытындылады Ш.Мұсабекова.

    Дереккөз: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.