Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да «Жастар корпусын дамыту» пилоттық жобасы түсіндірілді
    Жаңалықтар

    ОҚО-да «Жастар корпусын дамыту» пилоттық жобасы түсіндірілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асырылып отырған «Жастар корпусын дамыту» жобасының жүзеге асырылуы туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким мен үйлестіру агенттігінің ресми өкілі Максим Рожин баяндады.
    Жастар саны бойынша көш бастайтын Оңтүстік Қазақстан облысының жастары үшін үлкен қолдау екенін айтқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков аталған жоба Қазақстанның 4 өңірінде, яғни, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында 2 жылдық пилоттық жоба аясында жүргізілетін жеткізді.
    Сонымен қатар, ол облыста жобаның кординаторы болып «Ауыл жастары Одағы» корпоративтік қорының өкілі Сабира Байзақова бекітілгенін және облыстық «Жастар ресурстық орталығынан» арнайы бөлме бөлініп, қажетті материалдармен толық жабдықталғанын атап өтті.
    Сондай-ақ, брифингте сөз алған Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким Дүниежүзілік банк Жастар корпусын дамыту жобасын қаржыландыру үшін 20 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлетінін мәлім етті.
    Оның айтуынша, жобаның мақсаты — жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.
    «Жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда. Еліміздің жастары үш-бес адамнан топтасып, әлеуметтік жоба әзірлеп, оны конкурстық комиссияға ұсыну қажет. Жүргізілген іріктеудің қорытындысы бойынша жастар бес айлық курстарға жіберіледі. Жастарға жұмысты немес оқуды тастау қажет емес. Кешкі алтыға дейінгі сегіз сағаттық жұмыс күні болса да, олар демалыс күндері және кешкі уақытта білім ала алады. Курс соңында әлеуметтік жобаларды одан әрі дамыту үшін гранттар беріледі. Ең жоғары грант сомасы — 1000 000 теңге»,-деді Вера Ким.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.