Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Халыққа арналған прокуратура» Қазақстан Прокуратурасының өзгерістер бағдарламасы
    Жаңалықтар

    «Халыққа арналған прокуратура» Қазақстан Прокуратурасының өзгерістер бағдарламасы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2017Updated:08.04.2017Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов өткен наурыз айында прокурорларға арналған «10 шұғыл өзгерістер» атты Үндеуін жолдады. Аталған үндеу жобасы ел аумағында жоғары заңдылықты қадағалауды жүзеге асыратын органның жұмысына оң өзгерістер алып келуді көздейді. Облыс прокуроры Ибрагим Иманов прокурорлардың  аналары мен жұбайларын жинап, жаңа «Өзгерістер бағдарламасымен» таныстырды.

    2

    Отбасы – мемлекеттің  бастауы. Елдегі  Ата заңның орындалуын қадағалаушы орган прокурорлардың жанұясындағы қарым-қатынас мемлекет өміріне тікелей әсер ететін құбылыс. Сол себепті Ибрагим Әлжанұлы бүгін прокурорларды мен олардың етжақындарын жинап, ашық әңгімеге шақырды. болатын.

    Прокурорлар мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заңдылықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды. Және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттері жүктелген жауапты қызметте мұндағы ханымдардың бірінің баласы, бірінің жұбайы қызмет атқарады. Облыс прокуроры отбасы мүшелері ретінде әріптестерінің барлық жағдайына түсіністік,  төзімділік танытып ақыл кеңес беріп, ортақ абырой жинаудың қамына кірісуді сұранды. Мұнан соң  Бас Прокурордың төмендегі Үндеуімен тыңғылықты таныстырды:

    «Бірінші. Облыс прокурорлары өздерінің арттарынан команда алып жүруді доғарсын. Жаңа облысқа тағайындалғанда – сол жердегі адамдармен жұмыс жасау. Онда да білікті, кәсіби мамандар бар. Ең бастысы жергілікті қызметкерлер өз аймағының қыр-сырын жақсы біледі. Оларға өз қабілеттерін көрсетуге уақыт беру. Тағайындалғаннан кейін жарты жыл ішінде елеулі себептерсіз кадр құрамын өзгертуге тыйым саламын. Әрбір тағайындау мен жұмыстан босатудың заңдылығын тексерілетін болады.Әділетсіз, сорақы фактілер табылса – бұйрықтың күші жойылып басшысы жауапқа тартылады.

    Екінші. Туған күнге сыйлық беруді тоқтату. Звондап немесе смс жіберіп құттықтау жеткілікті. Басқа ешнәрсеге міндетті емес. Біз бір-бірімізге сыйлық бермейміз. Максимум, әйелдерге–гүл. Тіпті болмаса – кітап. Оны не өзіне қалдыруға, не біздің кітапхана тапсыруға болады. Ол жерден басқалар да оқиды.

    Үшінші. Шығыны көп шараларды өткізбеу. Мысалы, Наурыз. Әріптестеріміз бүкіл облыстан киіз үй, қазан, ас тасиды. Жұртты  әуреге салады. Бұндай Мереке – көзбояушылық, ол жерде Бастықтар ғана демалады, қалғандары жанталасып жұмыс істеп, қонақ күтеді. Бұл дұрыс емес. Одан да өз есептерінен артық шусыз, шын ниетпен мүгедектерге, мұқтаж адамдарға, көмек көрсетсін.. деп отыр.

    Төртінші. Ұжымнан ақша жинауды тоқтату. Төгіп-шашып дастархан жаюды, жиын жасауды қою.Ұжымның жұмыстан тыс уақытта араласқаны жақсы. Бір-бірін жақсырақ таниды. Бірақ, қызметкерлерді біріктірудің басқа да тәсілдері бар. Ұжымдық рухты спортпен шынықтыру керек.Ол үшін спорттық шаралар бағдарламасын әзірледік.

    Бесінші. Күтіп алу, шығарып салу, сол үшін ақша жинауға тыйым салынды. Басшы немесе тексеруші келсе, оған қонақ үй немесе пәтер жалдап есебін төлеу, оларды апталап, айлап тамақтандыру, көңілін сауықтыру, тілін табуды тыйу. Егер ішкі қауіпсіздік қызметі осындай келеңсіздікті анықтаса, келген адам да, күтушілер де жұмыстан айырылады. Стандарт-вокзалда немесе аэропортта кездесу. Қонақ үйге дейін жеткізу. Қажет болса, жұмысқа апарып, алып келу. Ал, шығындарды келуші өзі төлейді. Осыған орай, іс-сапарлық шығындардың төлемін алдын ала беретін жүйе жасау тапсырылды.

    Алтыншы. Газет пен журналға мәжбүрлі жазылуды тоқтату. Газеттердің бір жылдық төленімі 10 мың теңгеден жоғары. Әжептәуір салмақ. Онсыз да прокурорларда айлық көп емес. Оларды басқа органдарға да таратуға мәжбүрлейді екен. Сондықтан, газет-журналдарға қаласа ғана жазылу қажет дейді.

    Жетінші. Барлық қала-аудан прокуратураларын кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету. Қызметкерлер қадағалаудағы органдардан немесе бизнесмендерден қағаз сұрайтын көрінеді. Сондықтан, Бас Прокурор облыстарға қажетті мөлшерде кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуді тапсырды.

    Сегізінші. Керек емес кезекшілікті алып тастау тапсырылды. Бұған дейін қызметкерлер жұмыс орнында түнеп жүрген. Кезекшілікке сенбі, жексенбі күндері де шығатын еді. Қазір ақпараттандырудың нақты алгоритмі жазылуда. Оған телефондар мен пошта жүйесін пайдалану тапсырылды.

    Тоғызыншы. Аймақтарда сағат 18:00-ден кейін және демалыс күндері жиналыс өткізуге тыйым салынды. Басшылар — жұмыс күнін тиянақты жоспарлауды үйренуі қажет. Аппарат, жиналыс өткізудің жаңа әдістемесін жасауға кірісті.

    Оныншы. Басшыларға — қызметкерлерге қамқор болу тапсырылды. Бастық орнында деп барлығы жұмыста отыруы шарт емес. Жұмыста нақты себеп болса ғана отыру тапсырылды. Жұмыс белгіленген жұмыс уақытында істелуі қажет. Содан кейін отбасыларына немесе спортзалға баруына жағдай жасау. Жақындарын қуантсын, балаларға көңіл бөлсін, Отбасы жоқтары- отбасын құрсын».

    img_1647

    Керек емес кезекшіліктерді алып тастаудан қызметкерлерге қамқор болуға дейінгі ережелер қаралған Үндеуге жиылған көпшілік оң пікірін білдірді. Бірнеше жылдар прокуратура саласында еңбек еткен облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев ендігі жерде жұмыс жоспарының жаңа қалыпқа енгеніне қуанышты.

    Идеология – қоғамның айнасы, ажырамас бөлігі. Облыс прокуратурасы жанындағы  консультативтік кеңестің мүшесі Дулат Әбіш облыс прокуратурасы дәл осы өңірдің идеология саласына айтарлықтай үлес қосып келе жатқандығын ерекше атап өтті. Халық қалаулысының пікірінше жарияланған жаңа Үндеу биік белестерге жетелемек.

    3

    Өзгеру, жұмысты нәтижелі ету – бұл Елбасының қойған мақсаты. Бүгін таныстырылған 10 өзгеріс нәтижеге  жетудегі бірінші, ең бастысы, маңызды қадамдар. Біртіндеп өзгеру мен дамуға кедергі болып жүргеннің бәрінен құтылу үшін жасалып жатқан шаралар. Ендігі жерде прокурорлардың жұбайлары жолдастарының жұмыстан тыс уақытында бала тәрбиесімен көбірек айналысатындығына қуанышты екендігін жеткізді.

    Ботагөз МӘДІБЕК

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.