Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үш жылда қазақ тілінде 8 мың жаңа термин бекітілген
    Жаңалықтар

    Үш жылда қазақ тілінде 8 мың жаңа термин бекітілген

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Терминология комиссиясы бекіткен терминдердің жалпы саны 18 мыңды құрайды. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешев мәлім етті, делінген primeminister.kz ресми сайтында

    Хабарда атылғандай, 2016 жылы termincom.kz бірыңғай электрондық терминологиялық базасы іске қосылып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, терминология комиссиясы көптеген терминдерді қарастырған. Кейбіреулері қоғамда келіспеушіліктер тудырады. Мысалға, фонтан, пианино, фортепиано, балкон сөздері ауызекі тілде «шаптырма», «бұрқақ», «су бұрқақ», «күй сандық», «қылтима» ретінде қолданылады.

    «Біз оларды бекіткен жоқпыз. Сондықтан да аудармаларын емес, халықаралық атауларын пайдаланған жөн. Кезінде біреу осы сөздерді аударған, сөйтіп ол сөздер қоғамда орнығып қалған», — деді Ғ. Мелдешев.

    Сондай-ақ, ол Республикалық терминологиялық комиссия мен Метрология және стандарттау жөніндегі ұлттық комитетке бірлесіп, барлық терминдерді бір стандартқа келтіру жұмыстарын атқаруы керектігін айтып өтті.

    «Олардың ішінде ассимиляцияға ұшыраған сөздер бар, мысалға, самовар – самауыр, поезд – пойыз. Егер барлық тілдерден, әсіресе Батыстан еніп жатқан сөздерді аудармай қалдыра беретін болсақ, бірнеше жылдан кейін үлкен мәселеге ұрынарымыз сөзсіз. Біз қазақтардың мінезіне, діліне, қабылдау түсінігіне қарамастан, сөздерді шама келгенше аударуымыз керек. Мәселен, авария сөзін біз «апат» деп аударып жүрміз. Авария – зақым келтіру дегенді білдіретін араб сөзі. Сол себепті біз әр кез сайын сөздің түп-төркініне мән беріп, мағынасына сай аударма жасауымыз керек», — деді Ғ. Мелдешев.

    Оның ойын Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешев толықтырып өтті.

    «Қазақстанның терминологиялық қоры мемлекеттік тіл тіршілік әрекетінің барлық саласында белсенді түрде қолданыста болуы үшін ұлғайтылуы керек. Қытайдың әр саласында шамамен 50 мың термині бар. Қазақстанда терминологиялық ғылым жеткілікті түрде дамыған және өзге елдерден артта қалушылық байқалмайды. Ұлы әрі дарынды Ахмет Байтұрсыновтың бұл істің бастауында тұрғанының өзі аталған жұмыстың келешегінің зор екенін болжайды. Сонымен қоса, қазақ тілі өте бай тіл», — деді Е. Тілешев.

    2017 жылы termincom.kz сайтын жетілдіру жоспарда бар, сөздердің этимологиясы енгізіледі, ал ендігі терминдерді бекіту кезінде халықаралық тәжірибеге сүйенетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.