Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте жыл соңына дейін 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте жыл соңына дейін 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл облысымызда 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Сондай- ақ жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау  жоспарланып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің алқа  мәжілісінде облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті. Мемлекеттік  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған  Салыхан Сабырұлы негізгі бес бағытқа тоқталды.

    Бірінші бағыт — ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру болса, келесі бағыты — жеке құрылыс салушыларды ынталандыру. Мұнда жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге  несие беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету негізге алынған.

    Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік баспана  салу  үшінші бағытта көзделген. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға берілетін  тұрғын үй құрылысы төртінші бағытта. Ал, бағдарламадағы бесінші бағыты — жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Бұл бағыттың шеңберінде көптеген озық әлемдік  қалалардың үлгісінде бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үйлер салуға басымдық беріледі.

    Сондай-ақ, өткен жылы облыста 242 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп,131 тұрғын үй пайдалануға берілген. Қалған 111 тұрғын үй құрылысы 2017 жылға өтпелі болған.

    Мәжілісте  сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының өзінде 30 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұрғандығын оларды қамту мерзімі әлі нақтыланбағанын алға тартты.

    «Оңтүстік ӘКК» арқылы инвесторлар  тарту керек. Бос пайдаланбай жатқан жерлер көп. Жер иелері көпқабатты тұрғын үй салуы керек шамасы жетпесе жерді мемлекетке қайтаруы тиіс» — деді қала басшысы.

    Баяндамашылардың есебін тыңдаған облыс әкімі  құрылыс саласындағы атқарылып жатқан іс-шараларға көңілі толмайтынын жеткізіп, аталған сала басшыларын сынға алды. екендігін айтқан аймақ басшысы үй тұрғызғанда оңтүстіктің  ауа райы да назардан тыс қалмауын ескертті.

    «Тұрғын үй құрылысына жеке инвесторлар тартуды қолға алып, көпқабатты баспаналардың қатарын көбейтуіміз қажет. Қам кесектен жер үй салуды тоқтатып, сейсмикалық талаптарға сай еткен абзал. Сәулет , құрылыс, мемлекеттік сәулет бақылау басқармалары бірлесіп, тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа кешенді бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Бұл іске аудан, қала басшылары да атсалысуы керек. Егер дəл қазіргі қалпымен кете берсе,  117 мың гектарды алып жатқан Шымкент үлкен  ауылға айналып кетеді. Қаланың сәулетті келбетін қалыпқа келтіру үшін бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырамын», -деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Айта кетейік, инфрақұрылым нысандарының құрылысы бойынша Республикалық бюджеттен  7,8 млрд. тенге бөлінді.  Аталған қаржыға облыста 14 нысанның құрылыс жұмыстары  жүргізіледі. Ағымдағы жылы 3 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса 11 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Жыл қортындысы бойынша 6119 жеке тұрғын үйлерге және 384 көп қабатты тұрғын үйге инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіледі.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.