Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сиырды робот сауатын жаңа кәсіпорын тәуілігне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді
    Жаңалықтар

    Сиырды робот сауатын жаңа кәсіпорын тәуілігне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы   өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясы бойынша сауу цехын іске қосып, тәулігіне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді. Аталған ферма Швецияныӊ «DeLaval» компаниясыныӊ озық технологиясын пайдалана отырып салынған.  Өӊірде баламасы жоқ аталған кәсіпорын республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермаларыныӊ алғашқы үштігіне кіреді.

    6456

    Компания кешені толығымен роботтандырылған. Кешенде бүгінде  408 бас сауын сиыр бар.  Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараның тәуліктік орташа өнімділігі 30-32 литрге пара-пар.

    452

             Сүт-тауарлық фермасында 6 робот-сауыншы, автоматтандырылған көӊ алғыш құрал-жабдық, жемдеу үстелі, салқындату, метеостанциялы желдеткіш, сиырлардыӊ күйлілігін анықтау камералары, сүт сауу аппараттары бар сүт құбыры орналасқан. Негізгі 400 басқа есептелген кешеннің инвестициялық көлемі 9,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл кешен облыста сүт өндірісін жаӊа деӊгейге көтеруге және импорттық өнімге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

    97

    Сондай-ақ, мұнда 6 мал дәрігері, 2 тұяқшы, 2 ұрықтандырушы жұмыс істейді. Сиырлардың құлағында чип орнатылған. Сауын орнына осы чип арқылы кіріп шығады.

    Айта кетейік, облысқа жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет деп есептелінеді.  Қазіргі күні нақты өндiрiлетiнi – 740,6 мың тонна. Облыс бойынша iрi, орта және шағын сүт өндiрушi 61 агроқұрылым жұмыс iстеп жатыр.

    Жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатқан жалғыз сүт-тауарлық фермасының жұмысымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша өткен көшпелі семинарға қатысушылар танысты.

    Семинар кеңесте  өңірдегі  сүт  пен құс шаруашылығында бірлескен кооперативтер құрып, өнім көлемін арттыру жайы талқыланды. Онда облыстық ауыл  шаруашылығы  басқармасының  мамандары кооперативтерді  құрудың  талаптары  мен  артықшылықтары  жайында  пайдалы мағлұматтар ұсынды. Ал  қаржы  ұйымдарының  өкілдері ауыл шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, субсидия мен несие алудың тәртібімен таныстырды.

    Семинар-кеңеске қатысушылар сонымен қатар, бүгінде өнімін алыс-жақын шетелге экспорттап жатқан «Ордабасы құс» кәсіпорнының жұмысымен танысты.  Кәспорын  жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.