Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте жол мамандары тасқын судан келер қауіптің алдын алуда
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте жол мамандары тасқын судан келер қауіптің алдын алуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.04.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында жол саласына қатысты мамандар қыста атқаратын міндеттерін аяқтап, көктемдегі шараларға кірісіп кетті.

    Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырып жүрген «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары бүгінде Түркістан және Арыс қалалары мен Созақ, Түлкібас, Ордабасы аудандарында жағдайды қалпына келтіріп, көліктердің қауіпсіз ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды атқаруға мекеменің 100-ден астам жұмысшылары жұмылдырылған.

    Атап айтсақ, «Оңтүстік жолдары» жұмысшылары дәл қазіргі таңда Созақтағы КХ-57 «Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолындағы су құбыры бұзылған 37+900 шақырымын қайта қалпына келтіріп, монтаждау жұмыстарын жүргізген болса, Түлкібастың КХ-69 «Тастұмсық-Жыланды-Азаттық-Шұқырбұлақ» автомобиль жолының 69+950–69-650 шақырымдарындағы су құбырларында орын алған тасқын суды арнайы техникалармен қалпына келтіру шаруаларын атқарып жүр. Түркістанда да жағдай осы іспеттес. Онда қазіргі таңда КХ-58 «Түркістан-Балтакөл-Нұртас ауылы-Шорнақ-Қарнақ-Кентау» 69+500 шақырым аралықтарын және КХ-84 «Түркістан-Балтакөл» автомобиль жолының 19-26 шақырым аралықтарында тасқын су жүруде. Нысандағы бүгінгі ахуалды мамандар дамбы салу арқылы тұрақты жағдайда ұстап отыр.

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұттың мәліметінше, жауын-шашын басылып, тасқын судан келетін қатер басылғанша мекеме мамандарымен жағдай тұрақты бақылауда болады. Ал жалпы, жоғарыда аталған аудан, қалалардан өзге өңіріміздің басқа да аймақтарындағы ахуал қанағаттарлық жағдайда деген мәлімет бар.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.