Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Өзбекстанда Оңтүстік Қазақстанның фарм өнімдерінің сауда үйі ашылады
    Денсаулық

    Өзбекстанда Оңтүстік Қазақстанның фарм өнімдерінің сауда үйі ашылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.03.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана қаласында өткен қазақ-өзбек бизнес форумына  Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер Палатасы бастаған 20-дан астам кәсіпкер қатысты.

    Екі жақтың арасындағы сауда-саттық пен ынтымақтастықты нығайтатын аталмыш форумда В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, онда оңтүстікқазақстандық делегаттар фарм өнімдері нарығының өрісін кеңейтуге қол жеткізді.

    Яғни, бизнес өкілдерінің басы біріккен жиында «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Б.Нұрмашев пен өзбекстандық «Узфармсаноат» мемлекеттік акционерлік концерн басқарма төрағасы М.Дусмуратов кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Нәтижесінде,  Ташкент пен Шымкент қаласында екі елдің фармацевтика компанияларының өнімдері сатылатын сауда үйі ашылмақ. Яғни, Өзбекстанда ашылатын сауда үйінде ОҚО фармацевтика компанияларының өнімдері сатылса, Шымкент қаласында ашылатын  сауда үйінде өзбекстандық фарм өнімдері саудаланады.

    Айта кетейік, республикадағы өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы Оңтүстіктің үлесінде. Бұл елімізде фармацевтика кластері дамыған бірден-бір өңір — Оңтүстік Қазақстан екені анық.

    Естеріңізге салсақ, өткен аптада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өткен болатын.

    Оған екі елдің 500-ге тарта кәсіпкері мен ұлттық компания және мемлекеттік ұйым өкілдері қатысты.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.