Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»ОҚО-ДА 150 ДӘРІНІҢ БАҒАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨТЕРІЛМЕЙДІ
    Денсаулық

    ОҚО-ДА 150 ДӘРІНІҢ БАҒАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КӨТЕРІЛМЕЙДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, ҚР ДС Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды. Мұндағы келісімге сәйкес 150 түрлі препараттың құны жыл соңына дейін өзгермейтін болады.
    Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен  дәріхана ұйымдары тарапынан 40  фармацевтикалық ұйым басшылары қатысты.  Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін  болады.
    «Меморандумға  150 түрлі дәрі-дәрмек   енгізіліп отыр. Өйткені бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор.  Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау білдіріп, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Айта кетейік, бұл жолғы келісім облыстағы фармацевтік мекемелер мен дәріханаларда сатылатын дәрілік заттарды тұрақты бағада ұстауға, сонымен қатар бағаның негізсіз көтерілуінен тұтынушылар құқығын қорғау және әлеуметтік алаңдаушылықты болдырмауға арналды.
    Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісімшарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ ол дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында да атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
    Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам екендігін атап өтті.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.