Кеше киелі Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал бүгін сол мерекенің жалғасындай боп Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті. Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен мерекеге жиналған жұрттың санында есеп жоқ. Керемет көңіл күй мен басталған шараның шымылдығы ат спортымен өткен жарыспен түрілді.
Абай Омар


