Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түркістанда Түркі елдерінің басын қосқан Наурыз той өтуде
    Жаңалықтар

    Түркістанда Түркі елдерінің басын қосқан Наурыз той өтуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.03.2017Updated:21.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Түркістан қаласында «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда.
    Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесене маңында этно ауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді. Дастарханға ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент секілді жеңсік астар қойылды.
    Сонымен бірге, әз-Наурыз мерекесінде 1 тоннадан астам палау дайындалып, 1 500 литр наурыз көже үлестірілді.
    Мұнан бөлек, келушілер ежелгі қазақ ауылында қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін түрлі шаралары мен ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарды тамашаласа, жастар жағы алтыбақанда сайран салды.
    Сонымен қоса, мәртебелі меймандар әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері ұйымдастырған тұсаукесер рәсіміне қатысса, өңір басшысы Ж.Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтер түркістандық балдырғанның тұсауын кесті.
    Түркі тілдес елдерден келген меймандар Түркістанда өткен осынау «жаңару» күніндегі торқалы тойдан ерекше әсер алып, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мағынасы тереңде жатқанын жеткізді.
    Айта кетейік, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында осы күні Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп, шараға келген қонақтармен облыс әкімінің кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, іс-шара соңы түркі тілдес мемлекеттерден келген өнер ұжымдарының Гала-концертімен жалғасады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.