Ғасырға жуық тарихы бар «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары болып – Оралхан Дәуіт барды. Бұған дейін «Жас Алаштың» Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып шыңдалған еді. Сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы меншікті тілшісі болыпта адал тер төкті. Жаңа қызметіне сәрсенбінің сәтті күні білек сыбанып кіріскен Оралхан Дәуітке табыс тілейміз!
«Айғақ-ақпарат».