Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік кірістер департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік кірістер департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кеше, 17 наурызда ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Наурыз мейрамы күніне арналған салтанатты шара өтті.

    Мерекелік шараға ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, басқарма, бөлім басшылары  және қызметкерлері қатысты.

    Департамент басшысы Алтынсары Үмбетәлиев әріптестерін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, департаменттің жыл басынан  қол жеткізген жетістіктерін баяндады.  

             Мерекелік шара барысында қазақтың төл мерекесі құрметіне мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар қызметкерлері марапатталды.  Наурыз мерекесіне орай, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қаржы жүйесіндегі жеткен жетістіктері мен мемлекеттік қызметтегі мінсіз еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен -5, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің  Грамотасымен – 3, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен – 2, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының грамотасымен – 7,  «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы  филиалының Алғыс хатымен – 7,  Шымкент қалалық мәслихатының  Алғыс хатымен – 8,   Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамотасымен – 10 қызметкер марапатталды.

    Салтанатты жиналыста өз кезектерінде Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Тойбазарова Жанна, Пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы Аязов Ғалымжан, Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Бәкіров Сұлтан мерекелік тілектерін білдірді.

    Сонымен қатар,  облыс эстрадасының жұлдыздары мен мемлекеттік кірістер оргнадарының өнерлі қызметкерлері мерекелі концертті ұсынды.

    Іс-шара соңында, Үмбетәлиев: «Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын!»-деген тілекпен аяқтады.

    ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.